HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Тек мөлдір үлдірге арналған
●
Өнім мөлдір үлдір (Мөлдір үлдір режимі) мен қағазды (Қалыпты режим) ажыратады.
●
Өнім екінші жəне кейінгі беттердің бірінші бетпен баспа құралы түрінің бірдей деп есептейді.
●
Бұл ең жылдам режим жəне Қалыпты режимде үлкен көлемді басып шығаруға қолайлы.
Осы опцияларды орнату туралы қосымша ақпарат алу үшін
Баспа сапасының мəзірі 23-бетте
бөлімін қараңыз.
Баспа құралын қайнар көзі, түрі немесе өлшемі бойынша таңдаңыз
Microsoft Windows операциялық жүйесінде, баспа тапсырмасы жіберілген кезде принтер
драйверінің баспа құралын қалай тартатынына үш параметр əсер етеді. Source (Қайнар көзі),
Type (Түрі) жəне Size (Өлшемі) параметрлері бағдарламалық құралдардың көбінің Page Setup
(Бет баптаулары), Print (Басып шығару) немесе Print Properties (Баспа қасиеттері) диалог
терезелеріне шығарылады. Сіз ол параметрлерді өзгертпейіңізше, өнім стандартты
параметрлерді пайдалана отырып науаны автоматты тү
рде таңдайды.
Қайнар көзі
Source (Қайнар көзі) бойынша басып шығару үшін өнімнің қағаз алатын нақты науасын белгілеңіз.
Егер сіз баспа тапсырмаңызға сəйкес келмейтін өлшемге немесе түрге конфигурацияланған
науаны таңдасаңыз, өнім сізге басып шығармас бұрын науаны түрі немесе өлшемі сəйкес баспа
құралын салуға нұсқау береді. Сіз науаға салғаныңыздан кейін өнім басып шығаруды бастайды.
Түрі жəне өлшемі
Type (Түрі) немесе Size (Өлшемі) бойынша басып шығару, өнім баспа құралын лайықты түрі мен
өлшемі салынған науадан алғанын қалайтыныңызды білдіреді. Баспа құралын қайнар көзі емес,
түрі бойынша таңдау науаларды бекітумен бірдей жəне арнайы қағазды байқамай пайдаланудан
қорғауға көмектеседі. Мысалы, егер науа бланктерге конфигурацияланған болса, ал сіз
қарапайым қағазды таңдасаңыз, өнім сол науадағы бланктерді ал
майд
ы. Оның орнына ол
қарапайым қағаз салынған жəне өнімнің басқару тақтасынан қарапайым қағазға
конфигурацияланған науадан алады. Баспа құралын Түрі жəне Өлшемі бойынша таңдау
нəтижесінде ауыр қағазды, жылтыр қағазды жəне мөлдір үлдірді басып шығару сапасы едəуір
жақсарады. Қате параметрді пайдалану баспа сапасының қанағаттандырарлықсыз болуына əкеп
соғады. Жапсырмалар немесе мөлдір үлдірлер сияқты арнайы баспа құралын əрқ
ашан Тү
рі
бойынша басып шығарыңыз. Мүмкіндігінше конверт өлшемі бойынша басып шығарыңыз.
●
Түрі немесе өлшемі бойынша басып шығару үшін түрді немесе өлшемді бағдарламалық
құралыңызға байланысты Page Setup (Бет баптаулары) диалог терезесінен, Print (Басып
шығару) диалог терезесінен немесе Print Properties (Баспа қасиеттері) диалог терезесінен
таңдаңыз.
●
Егер сіз əдетте баспа құралының нақты түріне немесе өлшеміне басып шығ
аратын
болс
аңыз, науаны сол түрге немесе өлшемге конфигурациялаңыз. Тапсырмаңызды басып
шығаратын түрді немесе өлшемді таңдағаныңыздан кейін өнім баспа құралын автоматты
түрде сол түрге немесе өлшемге конфигурацияланған науадан алатын болады.
KKWW Науаларды конфигурациялау 107










