HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Қағаз науасын конфигурациялау
Қағаз науасын лайықты қағаз түріне конфигурациялаңыз.
1. Қағазды 2 не 3-науаға салыңыз.
2. Науаны жапқаннан кейін басқару тақтасы қағаз өлшемі мен түрін конфигурациялауға нұсқау
береді. Өлшемі мен түрін конфигурациялау үшін OK батырмасын басыңыз.
3. Егер лайықты өлшем шықса, өлшемді қабылдау үшін OK батырмасын басыңыз немесе басқа
қағаз түрін таңдау үшін
жоғары не төмен көрсеткісін басыңыз.
4. Қағаз түрі нұсқауы шыққанда, лайықты қағаз түрін бөлектеу үшін
жоғары не төмен
көрсеткісін басыңыз, содан кейін оны таңдау үшін OK батырмасын басыңыз.
Драйвер параметрлерін конфигурациялау
Графикалық бағдарламалық құралыңыздан жылтыр қағазға басып шығару үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралдың File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) пəрменін таңдаңыз.
2. HP Color LaserJet CP3525 сериялы принтерін таңдаңыз, содан кейін Properties (Қасиеттер)
немесе Printing Preferences (Баспа таңдаулылары) батырмасын басыңыз.
3. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен өнімнің басқару тақтасынан
конфигурацияланғанмен бірдей қағаз түрін таңдаңыз.
4. Параметрлерді сақтау үшін OK батыр
масын жəне басып шығару үшін OK батырмасын
басыңыз. Баспа тапсырмасы қағазға конфигурацияланған науадан автоматты түрде
басылып шығады.
118 Бап 7 Өнім мүмкіндіктерін пайдаланыңыз KKWW










