HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Баспа тапсырмасын тоқтату
Сіз баспаға сұратуды басқару панелін немесе бағдарламалық құралыңызды пайдалана отырып
тоқтата аласыз. Баспа сұратуын желідегі компьютерден қалай тоқтатуға болатындығы жөніндегі
нұсқауларды нақты желілік бағдарламалық құралға арналған онлайн Анықтамалығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіз тоқтатқан барлық баспа тапсырмаларын алып тастау үшін біраз уақыт қажет
етілуі мүмкін.
Ағымдағы баспа тапсырмасын басқару панелінен тоқтату
1.
Басқару тақтасындағы
тоқтату батырмасын басыңыз.
2. АҒЫМДАҒЫ ТАПСЫРМАДАН БАС ТАРТУ опциясын бөлектеу үшін
төмен көрсеткісін
басыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
Ағымдағы баспа тапсырмасын бағдарламалық құралдан тоқтату
Сіз баспа тапсырмасын жібергеніңізде экранға қысқа мезетке баспа тапсырмасын тоқтату
мүмкіндігін беретін диалог терезесі шығарылады.
Бағдарламалық құралыңыздан бірнеше сұрау өнімге жіберілген болса, олар баспа кезегінде
(мысалы, Windows Print Manager (Windows Баспаны Басқарушы бағдарламасында) күтіп тұруы
тиіс. Баспа тапсырмасын компьютерден бас тарту жөніндегі нақты нұсқауларды бағдарламалық
құрал құжаттамасынан қараңыз.
Баспа тапсырмасы баспа кезегінде немесе баспа буферінде күтуде болатын бо
лса, тапс
ырманы
осы жерден өшіріңіз.
1. Windows XP, Windows Server 2003 жəне Windows Server 2008 (стандартты Бастау
мəзірінің көрінісін пайдалану): Start (Бастау), Settings (Параметрлер) батырмаларын
басыңыз жəне содан кейін Printers and Faxes (Принтерлер мен факстар) батырмасын
басыңыз.
немесе
Windows 2000, Windows XP, Windows Server 2003 жəне Windows Server 2008
(Классикалық Бастау мəзірінің көрінісін пайдалану): Start (Бастау), Settings
(Параметрлер) батырмаларын басыңыз жəне содан кейін Printers (Принтерлер)
батырмасын басыңыз.
немесе
Windows Vista St
art (Бастау) м
əзіріндегі Control Panel (Басқару панелі) тармағын нұқып,
одан кейін Hardware and Sound (Аппараттық құралдар жəне Дыбыс) санатында Printer
(Принтер) тармағын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінде осы өнім атауын екі рет басып, баспа кезегін немесе буферін ашыңыз.
3. Тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын таңдап, Delete (Жою) батырмасын басыңыз.
122 Бап 8 Баспа тапсырмалары KKWW