HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Мен қалайша Орындау адымдары
Екі жағына автоматты түрде басып шығару (дуплекс)
ЕСКЕРІМ: Бұл ақпарат автоматты дуплексері бар
өнімдерге қолданылады.
1. Қағаздың бетін жоғары қаратып 2-науаға салыңыз.
2. Принтер драйверінде Print on both sides (Екі жағына
басып шығару) құсбелгі көзін белгілеңіз. Егер
құжаттың жоғарғы жиегінен түптейтін болсаңыз, Flip
pages up (Беттерді жоғары қарай аудару) құсбелгі
көзін белгілеңіз.
3. Тапсырманы басып шығару үшін OK батырмасын
басыңыз.
Буклетті басып шығара аламын a) Print on both sides (Екі жағына басып шығару) құсбелгі
көзін белгілеңіз. ə) Booklet layout (Буклет жобасы)
ашылмалы тізімінен Left binding (Сол жақтан түптеу)
немесе Right binding (Оң жақтан түптеу) опциясын
таңдаңыз. Pages per sheet (Бір парақтағы беттер саны)
опциясы 2 pages per sheet (əр параққа 2 бет) параметріне
автоматты түрде өзгереді.
Бір параққа көп бетті басып шығара аламын a) Pages per sheet (Параққа бір бет) жайылмалы тізімнен
парақ санын таңдаңыз. ə) Print page borders (Басып
шығару Беттерінің Жиектері) жəне Page Order (Бет Кезегі)
жəне Orientation (Бағыты) үшін дұрыс опцияларды
таңдаңыз.
Парақ бағытын таңдай аламын a) Orientation (Бағыт) аумағында Portrait (Кітаптық)
немесе Landscape (Альбомдық) опциясын таңдаңыз.
ə) Бет бейнесінің жоғарғы жағын төмен қаратып басып
шығару үшін Rotate by 180 degrees (180 градусқа бұру)
опциясын таңдаңыз.
Тапсырмаларды сақтау опциясын орнату
Келесі тапсырмаларды орындау үшін принтер драйверін ашып, одан соң Job Storage
(Тапсырмаларды сақтау) жиекбелгісін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Тапсырманы сақтау мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін Тапсырмаларды
сақтау 69-бетте жəне Тапсырмаларды сақтау опциясын орнату 126-бетте бөлімдерін қараңыз.
Мен қалайша Орындау адымдары
Барлық көшірмелерді басып шығармас бұрын растау үшін
бар көшірмені басып шығарыңыз
Job Storage Mode (Тапсырманы сақтау режимі)
аймағында Proof and Hold (Растау жəне Ұстау)
батырмасын басыңыз. Өнім тек бірінші көшірмені ғана
басып шығарады. Қалған көшірмені басып шығаруға кеңес
беретін хабар өнімнің басқару панеліне шығады.
Жеке тапсырманы өнімге уақытша сақтау жəне оны
кейінірек басып шығару
а) Job Storage Mode (Тапсырманы сақтау режимі)
аймағында Personal Job (Дербес тапсырма) батырмасын
басыңыз. ə) Таңдаулы: Make Job Private (Тапсырманы
жекелеу) аймағында PIN to print (Басып шығару үшін PIN)
126 Бап 8 Баспа тапсырмалары KKWW










