HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Түрлі түсті пайдалануды шектеу жəне хабарлау туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/
go/coloraccess торабын қараңыз.
Қолмен түсті реттеу
Мəтіндердің, графиканың жəне фотосуреттердің бейтарап сұр түсінің, жартылай реңктерінің жəне
жиектік жақсартуларының өңделуін реттеу үшін түстің Manual (Қолмен) реттелуін пайдаланыңыз.
Қолмен реттелетін түс опцияларына кіру үшін Color (Түс) жиекбелгісінен Manual (Қолмен)
тармағын жəне одан кейін Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
Қолмен реттелетін түс опциялары
Мəтін, графика жəне фотосуреттер үшін Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер), Halftone
(Жартылай реңк) жəне Edge Control (Жиектерді Түзету) опциялары үшін қолмен реттелетін түс
опцияларын пайдаланыңыз.
Кесте 9-1 Қолмен реттелетін түс опциялары
Параметр сипаттамалары Параметр опциялары
Halftone (Жартылай реңк)
Halftone (Жартылай реңк) опциялары
шығарылатын түс ажыратымдылығы мен
тазалығына əсер етеді.
Smooth (Тегіс) кең, біркелкі толтырылған баспа аумақтары
мен фотосуреттерді жақсартуда түс өтпелілігін тегістеу
нəтижесінде ең жақсы нəтижелерді қамтамасыз етеді. Осы
опцияны аумақты тегіс жəне біркелкі толтыру басым мақсат
болып табылған жағдайда таңдаңыз.
Detail (Жете) түстері мен сызықтарында нақты айқындықты
қажет ететін мəтін мен графика немесе үлгілері мен жоғары
деңгейдегі бөлшектері бар бейнелер үшін қолданылады. Осы
опцияны нақ
ты жиектер мен бөлшектерге басым талаптар
қойылатын жағдаларда таңдаңыз.
Бейтарап Сұр түстер
Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер) параметрі
мəтіндерде, графикаларда жəне фотосуреттерде
қолданылатын сұр түтерді құрудың тəсілін
анықтайды.
Black Only (Тек Қара түс) бейтарап түстерді тек қара тонерді
пайдалана отырып құрады. Ол түсті реңктерсіз бейтарап
түстерді кепілдендіреді. Бұл параметр құжаттар мен сұр түс
шəкілдің сызбасын көруге ең жақсы.
4-Color (4 Түсті) барлық төрт түсті тонерді үйлестіре отырып
бейтарап түстерді (сұр жəне қара) кепілдендіреді. Бұл əдіс
өзге түстердің нақты өтулерін өндіріп, ең қою қара түсті
құрады.
Жиектерді Түзету
Edge Control (Жиектерді Түзету) параметрі
жиектердің қалай қамтылатындығын анықтайды.
Жиектерді Түзету опциясы екі компоненттен
тұрады: бейімделгіш жартылай реңктеу жəне
түстерді қамту. Бейімделгіш жартылай реңктеу
жиектің айқындығын өсіреді. Түстерді қамту
көршілес нысандардың жиектерін аздап қамту
нəтижесінде түсті ауытқу əсерін азайтады.
Maximum (Ең көп) барынша агрессивті түспен қамту
параметрі болып табылады. Бейімделгіш жартылай реңктеу
қосулы.
Normal (Қалы
пты) түс қамтылуын орташа мəнге келтіреді.
Бейімделгіш жартылай реңктеу қосулы.
Light (Ашық) түс қамтылуын ең аз мəнге келтіреді,
Бейімделгіш жартылай реңктер қосылу.
Off (Өшіру) түстерді қамту жəне бейімделгіш жартылай
реңктеудің екеуін де өшіреді.
Түс тақырыптары
Түс тақырыптарын RGB Color (RGB түстері) опцияларын барлық беттер үшін реттеу мақсатымен
пайдаланыңыз.
KKWW Түсті басқару 133