HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Жетілдірілген түстерді пайдалану
Өнім керемет түс нəтижелерін беретін автоматты түс мүмкіндіктерін береді. Мұқият жасалып,
тексерілген түс кестелері барлық басылатын түстердің таза түс бейнеленуін қамтамасыз етеді.
Оған қоса, өнім тəжірибелі кəсіпқойлар үшін күрделі құралдармен қамтамасыз етеді.
HP ColorSphere тонері
HP баспа жүйелерін (принтерді, баспа картридждерін, тонерді жəне қағазды) бірлесе жұмыс істей
отырып, баспа сапасын, өнім сенміділігі мен пайдаланушы тапсырмаларының нəтижелілігін
оңтайландыру мақсатымен жасап шығарады. Шынайы HP баспа картридждерінде принтеріңізге
арнайы сəйкестендіріліп, жарқын түстердің кең ауқымын өндіре алатын HP ColorSphere тонері
бар. Ол сізге айқын, таза мəтін мен болмысқа жақын басылып шығарылған фотосуреттері бар
кəсіпқой дəрежедегі құжаттарын жа
сауға көмектеседі.
H
P ColorSphere тонері қағаздың кең ауқымды түрлеріне байланысты болатын баспа сапасының
сəйкестігі мен айқындығын өндіреді. Ол сіз шынайы əсер бере алатын құжаттарды жасай
алатындығыңызды білдіреді. Оған қоса, HP кəсіпқой сапа күнделікті жəне арнайы қағазы (соның
ішінде HP баспа құралдарының кең талғамы мен салмағы) сіздің жұмысыңызға арнап жасалған.
HP ImageREt 3600
HP ImageREt 3600 баспа технологиясы - жоғары баспа сапасын беру үшін НР компаниясы
дамытқан инновациялық технологиялар жүйесі. HP ImageREt жүйесі технологиялардың алға
жылжуын біріктіру жəне баспа жүйесінің əрбір элементін оңтайландыру арқылы өндірістен өзін
бөлек қояды. HP ImageREt бірнеше санаты əр түрлі пайдаланушы қажеттіліктері үшін
дамытылды.
Жүйенің негізі түрлі түсті лазерлі технологиялардан, олардың ішінде бейнені дамытудан, ақылды
жабдықтан жəне ажыратымдылығы жоғары бейнеден құ
ралған. ImageR
Et деңгейі немесе санаты
артқан сайын бұл негізгі технологиялар жетілдірілген жүйені пайдалануға өңделеді жəне
қосымша технологиялар біріктіріледі. HP компаниясы жалпы кеңсе құжаттарына жəне маркетинг
қолдауына арналған жоғары сапалы бейнелерді жетілдіруді ұсынады. HP түрлі түсті лазерлі
жылтырлығы жоғары қағаздарға басып шығаруды оңтайландыра отырып, HP Image REt 3600
барлық қолданылған баспа құралдарында əр түрлі орта жағдайларында жоғары нəтижелермен
қамтамасыз етеді.
Медиа таңдау
Ең жақсы түс жəне бейне сапасы үшін бағдарламалық құралдың принтер мəзірінен немесе
принтер драйверінен жарамды медиа түрін таңдаңыз.
Түс опциялары
Түс опциялары оңтайлы түс шығуын автоматты түрде қамтамасыз етеді. Осы опциялар түрлі
нысандар (мəтін, графика жəне фотосуреттер) үшін оңтайлы түс жəне жартылай реңк
параметрлерін қамтамасыз ететін нысан таңбалауын пайдаланады. Принтер драйвері бетте
қандай нысанның көрінетінін анықтап, əр нысан үшін ең жақсы баспа сапасын қамтамасыз ететін
түс жəне жартылай реңк параметрлерін пайдаланады.
Windows жүйелік ортасында Автом
атт
ы жəне Қолмен реттелетін түс опциялары принтер
драйверінің Түс қойындысында.
KKWW Жетілдірілген түстерді пайдалану 137