HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Қауіпсіздік мүмкіндіктері
Енгізілген веб серверін қауіпсіздендіру
Рұқсатсыз пайдаланушылардың өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін енгізілген веб
серверіне өтуге арналған кілтсөзді белгілеу.
1. Енгізілген веб серверін ашу.
Енгізілген веб сервері 144-бетте сілтемесін қараңыз.
2. Параметрлер жиекбелгісін басыңыз.
3. Терезенің сол жағындағы Security (Қауіпсіздік) мəзірін ашыңыз.
4. Device Security Settings (Құрылғының қауіпсіздік параметрлері) батырмасын басыңыз.
5. Device Password (Құрылғы кілтсөзі) аумағында кілтсөзді New Password (Жаңа кілтсөз)
дегеннің жанынан теріңіз, содан кейін оны Verify Password (Кілтсөзді тексеру) дегеннің
жанынан қайтадан теріңіз.
6. Apply (Қолдану) батырмасын басыңыз. Кілтсөзді жазып алып, оны қауіпсіз же
рге сақтап
қой
ыңыз.
Дискіні қауіпсіз өшіру
Өшірілген деректердің өнімдегі қатты дискіден рұқсатсыз қолданылуынан қорғау үшін HP Web
Jetadmin бағдарламалық құралында Дискіні қауіпсіз өшіру мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл
мүмкіндік баспа тапсырмаларын қатты дискіден қауіпсіз өшіреді.
Дискіні қауіпсіз өшіру диск қауіпсіздігінің төмендегі деңгейлерін ұсынады:
Non-Secure Fast Erase (Қауіпсіз емес жылдам өшіру). Бұл қарапайым файл кестесін өшіру
функциясы болып табылады. Файлға қатынас жойылады, бірақ нақты деректер кейінгі
дерек
тер сақтау əрекеттері арқылы үстіне жазылғанша, ол дискіде сақталады. Бұл - өте
жылдам режим. Дискіні қауіпсіз емес өшіру стандартты өшіру режимі болып табылады.
Secure Fast Erase (Қауіпсіз жылдам өшіру). Файлды қатынас жойылады жəне деректер
тұрақты ұқсас таңбалар үлгісімен үстіне жазылады. Бұл Қауіпсіз емес жылдам өшіру
мүмкіндігіне қарағанда баяу, бірақ барлық деректер үстіне жазылады. Қауіпсіз ж
ылдам өшіру
АҚ
Ш Қорғаныс министрлігінің 5220-22.M диск құралдарын тазалау туралы талаптарына сай
келеді.
Secure Sanitizing Erase (Қауіпсіз санитарлық өшіру). Бұл деңгей Қауіпсіз жылдам өшіру
режиміне ұқсас болып келеді. Бұған қосымша деректер қалған деректердің өзгермеуіне жол
бермейтін алгоритм арқылы қайталанып үстіне жазылады. Бұл режим жұмыс тиімділігіне
ықпал етеді. Қауіпсіз санитарлық өшіру АҚШ Қорғаныс министрлігінің 5220-22.M диск
құралдарын санитарлық тек
серу турал
ы талаптарына сай келеді.
Ықпал етілетін деректер
Дискіні қауіпсіз өшіру мүмкіндігі арқылы ықпал етілетін (қамтылатын) деректер баспа үрдісі
кезінде жасалған уақытша файлдарды, сақталған тапсырмаларды, деректерді тексеру мен
ұстауды, дискіге негізделген қаріптерді, дискіге негізделген макростарды (қалыптар), мекенжай
кітапшаларын жəне НР жəне үшінші тарап бағдарламаларын қамтиды.
ЕСКЕРІМ: Лайықты өшіру режимі қойылғаннан кейін сақталған тапсырмалар өнімдегі
ТАПСЫРМАНЫ ТАБУ мəзірі арқылы жойылғанда ғана олар қауіпсіз түрде үстіне жазылады.
148 Бап 10 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету KKWW