HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Бұл мүмкіндік стандартты параметрлерді, бет санауыштарын жəне ұқсас деректерді сақтауға
пайдаланылатын флэшке негізделген өнімнің ұзақ уақытты RAM (NVRAM) дискісіне ықпал
етпейді. Бұл мүмкіндік жүйенің RAM дискісіне (біреуі пайдаланылғанда) сақталған деректерге
əсер етпейді. Бұл мүмкіндік флэшке негізделген жүйелік жүктелмелі RAM дискісіне сақталған
деректерге ықпал етпейді.
Дискіні қауіпсіз өшіру режимін өзгерту дискідегі алдыңғы деректердің үстіне жазбайды жəне
бірден дискіге толық са
нитарлық текс
еру жүргізбейді. Дискіні қауіпсіз өшіру режимін өзгерту, өшіру
режимі өзгертілгеннен кейін тапсырмаларға арналған уақытша деректерді өнімнің қалай
тазалайтынын өзгертеді.
Қосымша ақпарат
HP дискіні қауіпсіз өшіру мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін HP қолдау анықтамалығын
қараңыз немесе
www.hp.com/go/webjetadmin торабына өтіңіз.
Тапсырманы сақтау
Жеке тапсырманы қауіпсіз басып шығару үшін жеке тапсырма мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Дұрыс PIN коды басқару тақтасына енгізілгенде ғана тапсырма басып шығарылады. Толығырақ
ақпарат алу үшін
Тапсырмаларды сақтау мүмкіндіктерін пайдалану 114-бетте сілтемесін қараңыз.
HP шифрланған жұмыс тиімділігі жоғары қатты дискілері
Бұл өнім EIO керек-жарақ слотына орнатуға болатын қосымша шифрланған қатты дискісін
қолдайды. Бұл қатты диск аппараттық құралға негізделген шифрлаумен қамтамасыз етеді,
сондықтан сіз өнімнің жұмыс тиімділігіне ықпал етпей, деректерді сезімтал басып шығаруды,
көшіруді жəне қарап шығуды қауіпсіз етіп сақтай аласыз. Бұл қатты диск соңғы Қосымша шифрлау
стандартын (AES) пайдаланады жəне көп жақты уақыт үн
емдеу мүмкі
ндігі мен мықты
функцияларды қамтиды.
Осындай керек-жарақтарға тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін
Бөлшек
нөмірлері 231-бетте бөлімін қараңыз.
Басқару тақтасының мəзірлерін кілттеу
Біреудің өнім конфигурациясын өзгертуіне жол бермеу үшін басқару тақтасының мəзірлерін
кілттеп қоюыңызға болады. Бұл рұқсатсыз пайдаланушылардың SMTP сервері сияқты
конфигурация параметрлерін өзгертуіне жол бермейді.
Бірнеше өнімдегі басқару тақтасының мəзірлерін бір уақытта кілттеу үшін HP Web Jetadmin
құралын пайдалануыңызға болады. Өнімді қалаусыз қолданудан қорғауға мүмкіндік беретін
басқару тақтасын кілттеу сияқты қауіпсіздік мүмкіндіктері талқыланатын ресми басылымдарға
қатынау үшін
www.hp.com/go/webjetadmin торабына шолу жасаңыз.
1. HP Web Jetadmin бағдарламасын ашыңыз.
2. Navigation (Шарлау) тақтасындағы ашылмалы тізімнен Device Management (Құрылғыны
басқару) папкасын ашыңыз. Device Lists (Құрылғылар тізімдері) папкасына өтіңіз.
3. Өнімді таңдаңыз.
4. Device Tools (Құрылғы құралдары) ашылмалы тізімінен Configure (Конфигурациялау)
параметрін таңдаңыз.
5. Security (Қауіпсіздік) тармағын Configuration Categories (Конфигурация санаттары)
тізімінен таңдаңыз.
KKWW Қауіпсіздік мүмкіндіктері 149