HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
5. Алдымен жаңа құрылғының төменгі жағын өнімге кіргізіңіз, содан кейін өнімнің жоғарғы жағын
итеріп, орнына түсіріңіз.
6. Алдыңғы есікті жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер тонер жинау құрылғысы дұрыс орнатылмаса, алдыңғы есік толық
жабылмайды.
Пайдаланылған тонер жинау құрылғысын қайтару үшін жаңа тонер жинау құрылғысындағы
нұсқауларды орындаңыз.
Жадты орнату
Қос ішкі жад модулін (DIMM) қосу арқылы өнімге қосымша жад орнатуыңызға болады.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр DIMM модульдерін зақымдауы мүмкін. DIMM модульдерін
қолданған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз немесе DIMM модульдерінің статикаға
қарсы орауышының бетін жиі ұстап, құрылғыдағы жалаң металды ұстаңыз.
158 Бап 10 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету KKWW










