HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Өнімді тазалау
Уақыт өте тонер мен қағаз қалдықтары өнімнің ішіне жиналады. Бұл басып шығару кезінде баспа
сапасының ақаулықтарының тууына себепші болады. Өнімді тазалау осы ақаулықтарды жояды
немесе азайтады.
Баспа картриджін тазалаған сайын немесе баспа сапасына қатысты ақаулықтар пайда болғанда
қағаз жолы мен баспа картриджінің аумақтарын тазалаңыз. Мүмкіндігінше өнімді шаң мен
қалдықтардан аулақ ұстаңыз.
Сыртын тазалаңыз
Құрылғының сыртындағы шаңды, дақтарды, жағылғандарды сүртіп тастау үшін жұмсақ,
талшықсыз шүберекті пайдаланыңыз.
Төгілген тонерді тазалау
Егер тонерді киіміңізге не қолыңызға тигізіп алсаңыз, оларды суы сумен жуыңыз. Ыстық су
тонерді матаға отырғызып тастайды.
Термобекіткішті тазалау
Термобекіткішті тонерден жəне кейде жиналып қалатын қағаз қалдықтарынан таза ұстау үшін
өнімнің тазалағыш бетін іске қосыңыз. Тонер мен қағаз қалдығының жиналуы баспа
тапсырмаларының алдында не артында дақтардың пайда болуына себепші болуы мүмкін.
HP компаниясы баспа сапасына қатысты ақаулық орын алған кезде тазалағыш бетті
пайдалануыңызды ұсынады.
Тазаланып жатқанда, өнімнің басқару тақтасына CLEANING (ТАЗАЛАНУДА) хабары шығады.
Таз
алағыш беттің дұрыс жұмыс істеуі үшін көшіру құрылғысы жоғары сапалы қағазымен (жоғары
сортты, ауыр не қатты қағаз емес) бетті басып шығарыңыз. Тапсырма аяқталғанда, бет басып
шығарылады. Бетті тастай салыңыз.
Тазалағыш бетті жасау жəне пайдалану
1.
Мəзір батырмасын
басыңыз.
2. ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірін бөлектеу үшін
/ жоғары көрсеткісін не төмен
көрсеткісін басыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. БАСЫП ШЫҒАРУ САПАСЫ мəзірін бөлектеу үшін
/ жоғары көрсеткісін не төмен
көрсеткісін басыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Егер өнімде екі жағына автоматты басып шығару болмаса, ТАЗАЛАУ БЕТІН ЖАСАУ
опциясын бөлектеу үшін
/ жоғары көрсеткісін не төмен көрсеткісін басыңыз, содан кейін
OK батырмасын басыңыз. Егер өнімде екі жағына автоматты басып шығару болса, 5-қадамға
өтіңіз.
5. ТАЗАЛАУ БЕТІН ӨҢДЕУ опциясын бөлектеу үшін
/ жоғары не төмен көрсеткісін басыңыз,
содан кейін OK батырмасын басыңыз.
6. Басып шығарылған бетті тастай салыңыз. Тапсырма аяқталды.
KKWW Өнімді тазалау 165










