HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

ЕСКЕРІМ: Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту процессінде энергияға тəуелсіз
оперативті сақтау құрылғысының (NVRAM) пішімі өзгереді. Бастапқы параметрлерден өзгерген
мəзір параметрлері стандартты параметрлерге қайта оралуы мүмкін. Егер сізге стандарттыдан
өзге параметрлер қажет болса, онда оларды қайта өзгертуіңіз қажет.
Енгізілген бағдарламалық құралды жаңарту үшін флэшпен орындалатын файлды
пайдалану
Бұл өнімнің флэшке негізделген жады бар, сондықтан енгізілген бағдарламалық құралды жаңарту
үшін флэштің енгізілген бағдарламалық құралының (.EXE) файлын пайдалануыңызға болады.
Бұл файлды
www.hp.com/go/cljcp3525_firmware торабынан жүктеңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдісті пайдалану үшін өнімді компьютеріңізге USB кабелі арқылы тікелей жалғап,
осы өнімге арналған принтер драйверін компьютеріңізге орнатыңыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, TCP/IP мекенжайын жазып алыңыз.
2. Компьютеріңзден .EXE файлын тауып, файлды ашу үшін екі рет басыңыз.
3. Select Printer to Update (Принтерді жаңартуға таңдау) ашылмалы тізімінен осы өнімді
таңдаңыз. Жаңарту үрдісін бастау үшін Start (Бастау) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімді өшірмеңіз немесе осы үрдіс кезінде баспа тапсырмасын жіберіп
жүрмеңіз.
4. Үрдіс аяқталғанда, күлімдеген бет белгішесі диалог терезесіне шығады. Диалог терезесін
жабу үшін Exit (Шығу) батырмасын басыңыз.
5. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
6. Басқа конфигурациялау бетін басып шығарып, тізімдегі жаңа енгізілген бағдарламалық
құралдың мерзімдік кодын тексеріңіз.
FTP протоколын пайдаланып, микробағдарламалық жасақтаманы брайзер арқылы
жүктеңіз.
1. Қолданып отырған Интернет браузеріңіз FTP тораптарындағы файл папкаларын қарауға
бапталғандығын тексеріңіз. Бұл нұсқаулар Microsoft Internet Explorer бағдарламасына
арналған.
a. Браузерді ашып, Tools (Құралдар) мəзірінен Internet Options (Интернет параметрлері)
тармағын таңдаңыз.
b. Advanced (Кеңейтілген) жиекбілгесін шертіңіз.
c. Enable folder view for FTP sites (FTP тораптарындағы файл папкаларын көруді қосу)
атаулы құсбелгі көзін белгілеңіз.
d. OK батырмасын басыңыз.
2. Конфигурациялау бетін басып шығарып, TCP/IP мекенжайын жазып алыңыз.
3. Браузер терезесін ашыңыз.
4. Брау
зердің адрес жолына
ftp://<АДРЕС>
теріңіз. Бұндағы <АДРЕС> өнімнің адресін білдіреді. Мысалы, егер TCP/IP адресі
192.168.0.90 болса,
KKWW Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту 167