HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Microsoft Windows пəрмендері арқылы микробағдарламалық жасақтаманы
жаңарту
Микробағдарламалық жасақтаманы желілік байланыс арқылы жаңарту үшін келесі нұсқауларға
еріңіз.
1. Start (Бастау) мəзірінен Run (Іске қосу) батырмасын басыңыз. Содан соң, cmd пəрменін теріп,
пəрмен терезесін ашыңыз.
2. Келесіні теріңіз:
copy /B FILENAME> \\COMPUTERNAME>\SHARENAME>
,мұнда <FILENAME> .RFU файлының атын (оның ішінде, жолы), <COMPUTERNAME> өнім
ортақ пайдаланылатын компьютердің атын, ал <SHARENAME> өнімнің ортақ атын білдіреді.
Мысалы:
C:\>copy /b C:\cljcp3525.rfu \\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER
.
ЕСКЕРІМ: Егер файлдың атында немесе жолында бос аралық болса, сіз файлдың атын
немесе жолды тырнақшаға жабуыңыз тиіс. Мысалы, келесіні теріңіз:
C:\>copy /b "C:\MY DOCUMENTS\cljcp3525.rfu" \\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER
.
3. Пернетақтада Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз. Басқару тақтасы енгізілген
бағдарламалық құралдың жаңарту барысын көрсететін хабарды шығарады. Жаңарту
процессінің соңында басқару тақтасы Дайын хабарын көрсетеді. Компьютеріңіздің
дисплейінде One File Copied (Бір файл көшірілді) хабары көрсетіледі.
HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту
Өнімдегі HP Jetdirect желілік интерфейсінде өнімнің микробағдарламалық жасақтамасынан бөлек
жаңартылатын микробағдарламалық жасақтама бар. Бұл процедураға компьютеріңізде HP Web
Jetadmin жасақтамасының 7 немесе одан жаңалау нұсқасы орнатылған болуы керек.
HP Web Jetadmin бағдарламалық құралын пайдалану 147-бетте сілтемесін қараңыз. Келесі
қадамдарды орындап, HP Web Jetadmin арқылы HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын
жаңартыңыз.
1. HP Web Jetadmin жасақтамасын ашыңыз.
2. Ашылмалы тізімдегі Құрылғыны басқару папкасын Шарлау тақтасынан ашыңыз. Құрылғы
тізімдері папкасын шарлаңыз.
3. Сіз жаңартқыңыз келетін өнімді таңдаңыз.
4. Құрылғы құралдары ашылмалы тізімдегі Jetdirect енгізілген бағдарламалық құралын
жаңарту опциясын таңдаңыз.
5. Jetdirect енгізілген бағдарламалық құрал нұсқасы тақырыбының астынан HP Jetdirect
модель нөмірі мен ағымдағы енгізілген бағд
арламалық құрал нұсқасы беріледі. Келесілерді
ескеріңіз.
6.
http://www.hp.com/go/wja_firmware торабына барыңыз.
7. HP Jetdirect моделінің нөмірлер тізімінен жазып алған модельдің нөмірін тауып алыңыз.
KKWW Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту 169










