HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Егер өнімдегі қағаз кептеле беретін болса, HP тұтынушыларды қолдау орталығымен немесе
өкілетті HP қызмет көрсетуші провайдерімен хабарласыңыз.
Кептелу орындары
Кептелу орындарын анықтау үшін осы суретті пайдаланыңыз. Бұған қосымша, басқару тақтасына
кептелген қағаздың орнын сізге көрсетеді жəне оны тазалау əдісін көрсететін нұсқаулар шығады.
ЕСКЕРІМ: Кептелуді тазалауға қажет болуы мүмкін өнімнің ішкі аумақтарында жасыл тұтқалар
немесе жасыл жапсырмалар болады.
Cурет 11-1 Кептелу орындары
1 2
3
4
5
6
1 Шығару қалтасы аумағы
2 Дуплекстеу аумағы
3 1-науа аумағы
4 Қосымша 500 парақты жəне ауыр баспа құралы науасы (3-науа)
5 2-науаның қағаз алу аумағы
6 Термобекіткіштің аумағы
Кептелуді тазалау
Кептелу орын алған кезде хабар басқару тақтасының дисплейіне шығып, кептелу орнын
сипаттайды. Төмендегі кестеде кептелуді тазалауға арналған іс рəсімдеріне сілтеме беретін
хабарлар берілген.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу қаупін болдырмау үшін өнімнің ішіне қол салмас бұрын
алқаларды, білезіктерді не басқа да металл заттарды алып қойыңыз.
Кептелу түрі Іс рəсімі
13.XX.YY ОҢ ЖАҚ ЕСІКТЕГІ КЕПТЕЛУ
13.XX.YY ОҢ ЖАҚ ЕСІКТЕГІ КЕПТЕЛУЛЕР
13.XX.YY ТЕРМОБЕКІТКІШ АУМАҒЫНДАҒЫ КЕПТЕЛУ
Оң жақтағы есіктегі кептелуді тазалау 199-бетте
сілтемесін қараңыз.
198 Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW