HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Қағаз қолдануға қатысты мəселелер
HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP LaserJet принтерлер тобының баспа құралының
нұсқаулығы) ішінде көрсетілген сипаттамаларға сəйкес келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
Науаға салынатын қағаз түріне сəйкестендіру үшін басқару тақтасынан қағаз түрін əрдайым
конфигурациялаңыз.
Өнім бірнеше парақ береді
Өнім бірнеше парақ береді
Себеп
Шешім
Кіріс науасы толып кеткен. Науаны ашып, қағаз жинағының
максималды жинақ биіктігі белгісінен төмен екенін
тексеріңіз.
Кіріс науасынан артық қағазды алып тастаңыз.
Баспа қағазы бір-бірімен жабысып шығуда. Қағазды алып, оны бүгіңіз, оны 180 градусқа бұрыңыз
немесе аударып, науаға қайта салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қағаздың бетін желдеткішпен үрлемеңіз.
Желдеткіш статикалық электр тогын туғызып, қағаздың бір
біріне жабысуына себеп болады.
Қағаз өнімнің ерекшеліктеріне сай келмейді. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін
қағазды ғана пайдаланыңыз.
Науалар дұрыс реттелмеген. Қағаз бағыттағыштарының пайдаланылып отырған қағаз
өлшеміне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Өнім сəйкес емес бет өлшемін береді
Өнім сəйкес емес бет өлшемін береді
Себеп
Шешім
Сəйкес өлшемдегі қағаз кіріс науасына салынбайды. Кіріс науасына сəйкес өлшемдегі қағазды салыңыз.
Бағдарламалық құралда немесе принтер драйверінде
сəйкес өлшемдегі қағаз таңдалмайды.
Бағдарламалық құрал мен принтер драйверіндегі
параметрлердің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз, себебі
бағдарламалық құрал параметрлері принтер драйверлері
мен басқару тақтасының параметрлерінен басым болады,
ал принтер драйверінің параметрлері басқару тақтасының
параметрлерінен басым болады. Толық ақпарат алу үшін
Windows жүйесіне арналған принтер драйверлерінің
баптауларын өзгерту 55-бетте немесе Macintosh жүйесіне
арналған принтер драйверлерінің баптауларын
өзгерту 63-бетте қараңыз.
Өнімнің басқару тақтасынан сəйкес өлшемдегі қағаз
науаға таңдалмайды.
Басқару тақтасынан науаға сəйкес өлшемдегі қағазды
таңдаңыз.
Қағаз өлшемі кіріс науасына дұрыс
конфигурацияланбаған.
Науа қай қағаз өлшеміне конфигурацияланғанын анықтау
үшін конфигурациялау бетін басып шығарыңыз немесе
басқару тақтасын пайдаланыңыз.
Науадағы бағыттағыштар қағазға қарама-қарсы тұрған
жоқ.
Қағаз бағыттағыштарының қағазға тиіп тұрғанын
тексеріңіз.
210 Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW