HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Кескін сапасының мəселелерін шешу
Баспа сапасына байланысты ақаулықтардың көбісін келесі нұсқауларды орындау арқылы алдын
алуыңызға болады.
Науаларды дұрыс парақ түріне баптаңыз.
Науаларды конфигурациялау 105-бетте қараңыз.
HP ерекшеліктеріне сай қағазды пайдаланыңыз.
Қағаз жəне баспа құралы 81-бетте қараңыз.
Өнімді қажеті бойынша тазалап тұрыңыз.
Өнімді тазалау 165-бетте қараңыз.
Шынайы HP жабдықтарын пайдаланыңыз. Барлық жабдықты тексеру үшін Жабдықтар күйі
бетін басып шығарыңыз.
Баспа сапасына қатысты мəселелерді шешуге қосымша көмек алу үшін төмендегі веб тораптарын
қараңыз:
www.hp.com/go/printquality/cljcp3525
www.hp.com/go/cljcp3525_manuals. Ақ қағаздар бөлімінде баспа сапасына қатысты
ақауларды жою құжатына арналған сілтемені басыңыз.
Баспа сапасына қатысты мəселелер үлгілері
Кейбір баспа сапасына қатысты мəселелер сəйкес келмейтін қағазды пайдаланудан туындайды.
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдаланыңыз.
Қағаздың беті тым бұдырлы. HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдаланыңыз.
Принтер драйверінің параметрі немесе қағаз науасының параметрі дұрыс болмауы мүмкін.
Өнімнің басқару тақтасынан қағаз науасын конфигурациялағыныңызға жəне пайдаланып
отырған қағазға сəйкес драйвер параметрін де таңдағаныңызға көз ж
еткізіңіз.
Баспа режимі дұрыс қойылмауы мүмкін немесе қағаздың ұсынылған ерекшеліктерге сай
келмеуі мүмкін.
Пайдаланылып отырған мөлдір үлдірлер дұрыс тонер сəйкестігіне арналмаған. HP Color
LaserJet өнімдеріне арналған мөлдір үлдірлерді ғана пайдаланыңыз.
Қағаздың ылғалдығы біркелкі емес, тым жоғары немесе тым төмен. Басқа жердегі немесе
ашылмаған қағаз бумасындағы қағазды қолданыңыз.
Қағаз бетінің кейбір жерлеріне тон
ер бекітілмейді. Басқа жердегі немесе ашылмаған қағаз
бумасындағы қағазды қолданыңыз.
Фирмалық бланкіңіз қалың қағазға басылған. Жұқалау, ксерографикалық қағазды
қолданыңыз. Егер ол мəселені шешпесе, пайдаланылған қағаздың осы өнімге арналған
ерекшеліктерге сай келуін тексеру үшін бланкіңізді басып шығарушымен хабарласыңыз.
Бірнеше оңтайлы баспа режимдерін баспа сапасына қатысты мəселелерді қарастыру үшін
пайдалануға болады.
Баспа сапасының мəзірі 23-бетте сілтемесін қараңыз.
KKWW Кескін сапасының мəселелерін шешу 217