HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Қосылу ақаулықтарын түзету
Тікелей жалғау ақаулықтарын түзету
Егер сіз өнімді компьютерге тікелей қоссаңыз, кабельді тексеріңіз.
●
Кабель компьютерге жəне өнімге жалғанғандығын тексеріңіз.
●
Кабельдің 2 метрден ұзын емес екендігін тексеріңіз. Қажет болса, кабельді ауыстырыңыз.
●
Кабельдің дұрыс жұмыс істейтінін басқа бір өнімге қосып тексеріңіз. Қажет болса, кабельді
ауыстырыңыз.
Желілік ақаулықтарды түзету
Өнім желімен байланысып тұрғанын анықтау үшін келесіні тексеріңіз. Бастар алдында
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
Ақпараттық беттер 140-бетте қараңыз.
1. Жұмыс компьютердің немесе файл серверінің жəне өнімнің арасында физикалық байланыс
ақаулығы бар ма?
Желілік кабелдің, байланыстардың жəне маршрутизатордың конфигурациялары дұрыс
екенін тексеріңіз. Желілік кабельдің ұзындықтары желінің ерекшеліктеріне сай екенін
тексеріңіз.
2. Желілік кабельдер дұрыс жалғанды ма?
Өнім желіге тиісті порт жəне кабель арқылы жалғанғанын тексеріңіз. Əр кабельдің жалғанған
жері мықты жəне дұрыс екенін тек
серіңіз. Егер ақаулық шешілмесе, концентраторға немесе
трансиверге басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз. Өнімнің артқы жағындағы
портқа қосатын жердегі сарғыш түсті жұмыс шамы жəне жасыл түсті мəртебе шамы жанып
тұру керек.
3. Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері дұрыс қойылған ба?
Hewlett-Packard бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты
параметр).
Сілтеме жылдамдығы жəне дуплекстеу параметрлері 78-бетте дегенді қараңыз.
4. Өнімнің байланысын «ping» пəрменімен тексере аласыз ба?
Пəрмен жолын ашып, компьютеріңізден өнімнің байланысын тексеріңіз. Мысалы:
ping 192.168.45.39
Ping пəрмені айналып қайту уақытын көрсететініне көз жеткізіңіз.
Егер өнімнің байланысы өтіп тұрса, онда компьтеріңіздегі өнімнің IP адрес конфигурациясы
дұрыс екенін тексеріңіз. Егер ол дұрыс болса, өнімді жойып, қайта қосыңыз.
Егер ping пəрмені байланыса алмаса, желілік к
онцентраторлардың қо
сулы екенін тексеріңіз.
Содан соң, желілік теңшеулердің, өнімнің жəне компьютердің конфигурациялары сол желіге
бапталғанын тексеріңіз.
5. Желіге ешқандай бағдарламалық жасақтар қосылған жоқ па?
Оларға желіде қолдау көрсетілетінін жəне олар дұрыс принтер драйверлерімен
орнатылғанын тексеріңіз.
222 Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW










