HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Басқару тақтасының мəзірлері
Принтер драйвері немесе бағдарлама құралы арқылы компьютердегі күнделікті басып шығару
тапсырмаларын орындауыңызға болады. Бұл өнімді басқарудың өте қолайлы жолы болып
табылады жəне өнімнің басқару тақтасының параметрлеріне басым күшке ие болады.
Бағдарламалық құралға байланысты анықтама файлдарын қараңыз немесе принтер драйверін
қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін
Windows арналған бағдарламалық
құралдар 49-бетте немесе Өнімді Macintosh бағдарламасымен пайдаланыңыз 61-бетте
бөлімін қараңыз.
Сондай-ақ, өнімнің басқару тақтасындағы параметрлерді өзгерту арқылы өнімді басқаруыңызға
болады. Принтер драйвері немесе бағдарлама арқылы қолданылатын мүмкіндіктерге өту үшін
жəне науалардың қағаз өлшемін жəне түрін конфигурациялау үшін басқару тақтасын
пайдаланыңыз.
Мəзірлерді пайдалану
●
Мəзір батырмасын
басу арқылы мəзірлерге кіріңіз жəне шығыңыз.
●
OK батырмасын пайдалану арқылы мəзір тармағын таңдаңыз, сондай-ақ, өнімді
конфигурациялау кезінде нөмірленген мəндерді таңдаңыз.
●
Мəзірлерді шарлау үшін
жоғары не төмен көрсеткісін пайдаланыңыз. Мəзір шарлауынан
басқа жоғары не төмен көрсеткілер нөмірленген мəн таңдауларын арттыра жəне кеміте
алады. Жылдам қарап шығу үшін жоғары не төмен көрсеткісін басып тұрыңыз.
●
артқа батырмасы мəзір таңдауларымен артқа жылжуға мүмкіндік береді.
●
Егер 60 секунд бойы ешқандай перне басылмаса, өнім мəзірлерден шығады.
14 Бап 2 Басқару тақтасы KKWW










