HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын жəне Күту режимдерінде қуат пайдалану деңгейі төмендейді. Бұл табиғи қорларды сақтап,
жабдықтың жоғары өнімділігіне əсер келтірмей, қаржыңызды үнемдейді. Өнімнің ENERGY STAR®
біліктілік мəртебесін анықтау үшін Өнімнің анықтамалық деректер кестесін немесе Техникалық
сипаттама кестесін қараңыз. Біліктіленген өнімдер келесі жерде де тізімделген:
www.hp.com/go/energystar
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қосымша автоматты дуплекстеу функциясы (екі-жақты баспа) жəне N-дейін баспа (бір
бетке бірнеше бетті басып шығару) қабілеті қағаз шығынын азайтып, табиғи қорларды пайдалану
мұқтаждығын азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet баспаға арналған қамсыздандыру құралдары
Өлшеулі қызмет мерзімінің соңына жеткен HP LaserJet баспа картридждерінтегін
HP ғаламдық серіктестері арқылы қайтарып, қайта пайдалану оңай. Көп тілді бағдарлама туралы
ақпарат пен шектеулер əр жаңа HP LaserJet баспа картридждері мен жабдықтар орауышына
қамтылады. Сіз бірнеше картриджді бөлектемей бірге қайтарған кезде қоршаған орта
шығындарын азайтуға көмектесіз.
HP компаниясы экология тұрғысынан қолайлы, өнер-табысты жəне жоғары сапалы өнімдер ме
н
қы
зметтерін ұсынуды, жобалау мен жасап шығаруды, таратуды, пайдаланушыға беруді жəне
қайта жаратуды міндетіне алып отыр. HP Ғалам Серіктестері бағдарламасына қатыссаңыз,
сіздің HP LaserJet баспа картридждеріңізді өңдеу арқылы жаңа өнім шығаруға қажетті пластик пен
металдарын алып, жөнді қайта жаратуды қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, қоқыс төгетін жерлерді
миллиондаған тонна қоқыстардан сақтап қаламыз. Есіңізде болсын - картридж сізге
қайтарылмайды. Қоршаған орт
аны сақт
ауға жауапкершілік көрсеткеніңізге рахмет!
ЕСКЕРІМ: Тек шынайы HP LaserJet баспа картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін
пайдаланыңыз. Бұл белгіні HP сиялы картридждерге, HP емес картридждерге, қайта
толтырылған, қайта жасап шығарылған немесе кепіл мерзімі кезінде қайтарылған картридждерге
пайдаланбаңыз. HP сиялы картридждеріңізді қайта жарату жөнінде ақпарат алғыңыз келсе,
www.hp.com/recycle торабына барыңыз.
KKWW Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы 249