HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Ақпараттық мəзір
Арнайы өнім туралы ақпаратты қолдану жəне басып шығару үшін АҚПАРАТ мəзірін
пайдаланыңыз.
Көрсету үшін: Мəзір батырмасын
басып, АҚПАРАТ мəзірін таңдаңыз.
Тармақ Сипаттама
МƏЗІР КАРТАСЫН БАСЫП ШЫҒАРУ Басқару тақтасы мəзірінің тармақтарының жобасы мен ағымдық
параметрлерін көрсететін басқару тақтасы мəзірінің құрылымын басып
шығарады.
БАСПА КОНФИГУРАЦИЯСЫ Принтердің параметрлері мен орнатылған керек-жарақтарды көрсететін
өнімнің конфигурациялау беттерін басып шығарады.
ЖАБДЫҚТАР КҮЙІ БЕТІН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Өңделген беттер мен тапсырмалардың жалпы санындағы
жабдықтардың, есептік статистиканың шамамен қалған қызмет
мерзімін, сериялық нөмірін, бет санауышын жəне техникалық қызмет
көрсету туралы ақпаратты басып шығарады.
HP компаниясы тұтынушыға қолайлы болуы үшін жабдықтардың
шамамен қалған қызмет мерзімімен қамтамасыз етеді. Нақты қалған
жабдық деңгейлері шамамен берілген мəндерден басқа болуы мүмкін.
ЖАБДЫҚТЫҢ КҮЙІ Ауыстырылатын тізімдегі баспа картридждерінің, термобекіткіш
жинағының жəне тонер жинау құрылғысының шамалас күйін көрсетеді.
Əрбір элемент үшін элементтің анықтамасын ашуға OK батырмасын
басыңыз.
ПАЙДАЛАНУ БЕТІН БАСЫП ШЫҒАРУ Өнім арқылы өткен барлық қағаз өлшемдерінің санауышын басып
шығарады, симплексті, дуплексті, монохромды немесе түрлі түсті
болғандарын тізімде береді жəне бет санауышын мəлімдейді.
ТҮСТІ ПАЙДАЛАНУ ТАПСЫРМАЛАР
ЖУРНАЛЫН БАСЫП ШЫҒАРУ
Принтерге арналған түс пайдалану статистикасын басып шығарады.
БАСЫП ШЫҒАРУ КӨРСЕТІЛІМІ Көрсету бетін басып шығарады.
RGB ҮЛГІЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ Əр түрлі RGB мəндеріне арналған түс үлгілерін басып шығарады. Басып
шығарылған түстерді сəйкестендіру үшін үлгілерді нұсқаулық ретінде
пайдаланыңыз.
CMYK ҮЛГІЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ Əр түрлі CMYK мəндеріне арналған түс үлгілерін басып шығарады.
Басып шығарылған түстерді сəйкестендіру үшін үлгілерді нұсқаулық
ретінде пайдаланыңыз.
ФАЙЛ КАТАЛОГЫН БАСЫП ШЫҒАРУ Өнімде сақталған файлдардың аты мен каталогын басып шығарады.
PCL ҚАРІПТЕР ТІЗІМІН БАСЫП ШЫҒАРУ Қол жетімді PCL қаріптерін басып шығарады.
PS ҚАРІПТЕР ТІЗІМІН БАСЫП ШЫҒАРУ Қол жетімді PS қаріптерін басып шығарады.
KKWW Ақпараттық мəзір 19