HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Қағазды қолдану мəзірі
Кіріс науаларын өлшемі мен түрі бойынша конфигурациялау үшін осы мəзірді пайдаланыңыз.
Алғаш басып шығару алдында науаларды осы мəзірмен дұрыс конфигурациялап алу маңызды.
Көрсету үшін: Мəзір батырмасын
басып, ҚАҒАЗДЫ ҚОЛДАНУ мəзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP LaserJet өнімі моделдерінің басқасын пайдаланған болсаңыз, сіз 1-науаны
First (Бірінші) режиміне немесе Cassette (Кассеталық) режиміне конфигурациялауға үйреншікті
болуыңыз мүмкін. HP Color LaserJet CP3525 сериялы принтерлерінде 1-науаны КЕЗ КЕЛГЕН
ӨЛШЕМ жəне КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ мəніне қою First (Бірінші) режиміне тең болады. 1-науаны КЕЗ
КЕЛГЕН ӨЛШЕМ немесе КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ басқа параметрге қою Cassette (Кассеталық)
режиміне тең болады.
Мəзір элементі Мəн Сипаттама
1-НАУА ӨЛШЕМІ Қол жетімді өлшемдердің тізімі
шығады.
1-науаға арналған қағаз өлшемін
конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Стандартты параметр КЕЗ КЕЛГЕН
ӨЛШЕМ болып табылады. Қол жетімді
өлшемдердің толық тізімін алу үшін
Қолдаулы қағаз жəне баспа
құралдарының өлшемдері 83-бетте
бөлімін қараңыз.
1-НАУА ТҮРІ Қол жетімді түрлердің тізімі
шығады.
1-науаға арналған қағаз түрін
конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Стандартты параметр КЕЗ КЕЛГЕН
ТҮРІ болып табылады. Қол жетімді
түрлердің толық тізімін алу үшін
Қолдаулы қағаз жəне баспа
құралдарының түрлері 86-бетте
бөлімін қараңыз.
<X> НАУА ӨЛШЕМІ
X = 2 немесе қосымша 3
Қол жетімді өлшемдердің тізімі
шығады.
2-науаға немесе қосымша 3-науаға
арналған қағаз өлшемін
конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Стандартты өлшемі еліңізге/
аймағыңызға қарай ХАТ ӨЛШЕМІ не A4
болып табылады. 2-науа қағаз өлшемін
науадағы бағыттағыштар арқылы
анықтамайды. 3-науа кейбір қағаз
өлшемдерін науадағы бағыттағыштар
арқылы анықтайды. Қол жетімді
өлшемдердің толық тізімін алу үшін
Қолдаулы қағаз жəне баспа
құралдарының өлшемдері 83-бетте
бөлімін қараңыз.
<X> НАУА ТҮРІ
X = 2 немесе қосымша 3
Қол жетімді түрлердің тізімі
шығады.
2-науаға немесе қосымша 3-науаға
арналған қағаз түрін конфигурациялауға
мүмкіндік береді. Стандартты параметр
ТЕГІС болып табылады. Қол жетімді
түрлердің толық тізімін алу үшін
Қолдаулы қағаз жəне баспа
құралдарының түрлері 86-бетте
бөлімін қараңыз.
20 Бап 2 Басқару тақтасы KKWW