HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide

Құрылғыны конфигурациялау мəзірі
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірі стандартты басып шығару параметрлерін өзгертуге,
баспа сапасын дұрыстауға, жүйе конфигурациясын жəне I/O опцияларын өзгертуге жəне
стандартты параметрлерді ысыруға мүмкіндік береді.
Басып шығару мəзірі
Бұл параметрлер белгіленген сипаттары жоқ тапсырмаларға ғана ықпал етеді. Көптеген
тапсырмалар сипаттардың барлығын анықтап, бұл мəзірдегі мəндер жинағына басым күшке ие
болады.
Көрсету үшін: Мəзір батырмасын
басып, ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірін
таңдаңыз, содан кейін БАСЫП ШЫҒАРУ мəзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жұлдызшасы (*) бар мəндер зауыттық стандартты мəндер болып табылады. Кейбір
мəзір тармақтарының стандартты мəндері жоқ.
Мəзір элементі Мəндер Сипаттама
КӨШІРМЕЛЕР Ауқымы: 1-32000 Баспа тапсырмаларына арналған
көшірмелердің стандартты санын қоюға
мүмкіндік береді. Стандартты сан 1
болып табылады.
СТАНДАРТТЫ ҚАҒАЗ ӨЛШЕМІ Қол жетімді өлшемдердің тізімі
шығады.
Стандартты қағаз өлшемін қоюға
мүмкіндік береді.
СТАНДАРТТЫ БЕЙІМДЕЛГЕН ҚАҒАЗ
ӨЛШЕМІ
ӨЛШЕМ БІРЛІГІ
X ӨЛШЕМДЕРІ
Y ӨЛШЕМІ
Таңдамалы баспа тапсырмасына
стандартты өлшем қоюға мүмкіндік
береді. Стандартты өлшем бірлігі
МИЛЛИМЕТР болып табылады.
ДУПЛЕКС ӨШІРУЛІ*
ҚОСУЛЫ
Екі жағына басып шығаруды қосуға
немесе ажыратуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Бұл мəзір тек HP Color
LaserJet CP3525dn принтерінде жəне
HP Color LaserJet CP3525x принтерінде
қол жетімді болады.
ДУПЛЕКСТІ БАЙЛАУ ҰЗЫН ЖИЕГІ*
ҚЫСҚА ЖИЕК
Екі жағына басып шығару үшін түптеу
жиегін өзгертуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Бұл мəзір тек HP Color
LaserJet CP3525dn принтерінде жəне
HP Color LaserJet CP3525x принтерінде
қол жетімді болады.
АУЫСТЫРУ A4/LETTER ЖОҚ
ИƏ*
А4 қағазы салынбағанда, Letter
өлшеміндегі қағазбен А4 тапсырмасын
басып шығаруға өнімді орнатуға
мүмкіндік береді.
ҚОЛМЕН ƏПЕРУ ӨШІРУЛІ*
ҚОСУЛЫ
Бұл опцияны ҚОСУЛЫ мəніне орнату,
ҚОЛМЕН ƏПЕРУ параметрін науаны
таңдамайтын тапсырмаларға
стандартты етеді.
КУРЬЕР ҚАРІПІ ҚАЛЫПТЫ*
КҮҢГІРТ
Courier қаріпінің нұсқасын таңдауға
мүмкіндік береді.
KKWW Құрылғыны конфигурациялау мəзірі 21