HP Color LaserJet CP3525 Series Printers - User Guide
Қызмет аты Сипаттама
SSL/TLS Жеке құжаттарды интернет арқылы жіберуге жəне клиент
пен серверлік бағдарламалар арасындағы құпиялылық
пен деректер тұтастығына кепілдік беруге мүмкіндік
береді.
IPsec пакеттік конфигурациясы Өнімнен-өнімге дейінгі IP трафигін қарапайым басқару
арқылы желі қабатының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл протокол шифрлау мен аутентификация
артықшылықтарымен қамтамасыз етіп, көптеген
конфигурацияға рұқсат береді.
Желілік өнімді конфигурациялаңыз
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Сіз енгізілген Веб-серверін IP адресі параметрлерін көру немесе өзгерту үшін пайдалана аласыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
●
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол
келесідей қалыпта болады:
xxx.xxx.xxx.xxx
●
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның форматы мынаған ұқсас:
xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx
2. Енгізілген Веб-с
ерверін ашу үші
н IP адресін Веб-браузер жолағына теріңіз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
Желілік кілтсөзді орнату немесе өзгерту
Желілік кілтсөзді орнату үшін немесе бар кілтсөзді өзгерту үшін енгізілген Веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. Енгізілген веб серверді ашып, Желіге қосылу жиекбелгісін басыңыз.
2. Сол жақ панельдегі Қауіпсіздік батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады.
Кілтсөзді енгізіп, Қолдану батырмасын басыңыз.
3. Құрылғы кілтсөзі аумағында жаңа кілтсөзді Жаңа кілтсөз жолағы мен Кілтсөзді тексеру
жолағына енгізіңіз.
4. Кілтсөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Қолдану батырмасын басыңыз.
Кесте 5-5 Қауіпсіздік мүмкіндіктері (жалғасы)
KKWW Желі конфигурациясы 75










