HP Color LaserJet Enterprise CP4020 / CP4520 Series Printer - User Guide

Басқару тақтасындағы хабарларды түсіндіру
Басқару тақтасындағы хабарлардың түрі
Басқару тақтасындағы хабарлардың төрт түрі өнімнің күйін немесе ақаулықтарды көрсете
алады.
Хабар түрі Сипаттама
Күйі туралы хабар Күйі туралы хабарлар өнімнің қазіргі қалпын көрсетеді. Олар өнімнің қалыпты жұмыс істегенін
көрсетеді жəне əсер етуді қажет етпейді. Өнімнің қалпы өзгерген кезде, олар да өзгереді.
Өнім желіде болса, өнім жұмысқа дайын, тапсырмалары аяқталған болып, ешқандай ескерту
хабарлары болмаған кезде, Дайын күй хабары пайда болады.
Ескерту хабарлары Ескерту хабарлары деректер немесе баспа
қателер туралы хабарлайды. Бұл хабарлар
Дайын немесе күй хабарларымен кезектеседі жəне OK түймесі басылғанша, сақталады.
Кейбір ескерту хабарларын өшіруге болады. Егер өнімнің ҚҰРЫЛҒЫНЫ
КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірінде ТАЗАЛАУ ЕСКЕРТУЛЕРІ тармағы ТАПСЫРМА опциясына
орнатылса, келесі баспа тапсырмасы бұл хабарларды өшіреді.
Қате туралы
хабарлар
Қате хабарлары қағазды салу немесе кептелген қағазды алып тастау сияқты əрекет талап
етілетінін х
абарлайды.
Кейбір қате туралы хабарлар өздігінен жалғастырылады. Егер АВТО ЖАЛҒАСТЫРУ
мəзірлерде орнатылса, автоматты түрде жалғастырылатын қате туралы хабар 10 секунд
бойы пайда болғаннан кейін, өнім қалыпты жұмысын жалғастырады.
ЕСКЕРІМ: өздігінен жалғастырылатын қате туралы хабардың 10 секундқа шыққан кезінде
кез келген бір түймешікті бассаңыз, сол хабар өшіріліп, түймешіктің функциясы орындалады.
Мысалы,
тоқтату түймесін басу басып шығаруды уақытша тоқтатады жəне баспа
тапсырмасынан бас тарту параметрін ұсынады.
Аса маңызды қате
туралы хабарлар
Аса маңызды қателік хабарлар өнімнің істен шығуын хабарлайды. Осындай хабарлардың
кейбіреуін өнімді өшіріп, қайта қосу арқылы кетіруге болады. Бұл хабарларға АВТО
ЖАЛҒАСТЫРУ параметрі əсер етпейді. Егер аса маңызды қателік хабар өшірілмесе, онда
өнімге техникалық қызмет көрсету қа
жет.
Басқару тақтасындағы хабарлар
Кесте 10-1 Басқару тақтасындағы хабарлар
Сипаттама Ұсынылатын əрекет
<COLOR> КАРТРИДЖДІ АУЫСТЫРУ Өнім жабдық деңгейінің өлшеулі қызмет
мерзімінің соңына жеткен уақытын
көрсетеді. Нақты қалған қызмет мерзімі
өлшенгеннен басқаша болуы мүмкін.
Баспа сапасы лайықсыз деңгейге
келгенде орнату үшін алмастыратын
жабдығыңыз қол жетімді болсын. Басып
шығару сапасы жарамсыз болып кетпесе,
жабдықты қазір ауыстырудың қажеті жоқ.
HP жабдығы өлшеулі қызмет мерзімінің
соңына жеткенде, HP компаниясының
сол жабдықтың Жоғары қорғау
кеп
ілдігінің мерзімі аяқталады.
Көрсетілген түрлі түсті картриджді
ауыстырыңыз.
Баспа картридждерін
ауыстыру 167-бетте бөлімін қараңыз.
Немесе ЖАБДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ
мəзірі арқылы басып шығаруды
жалғастыру үшін өнімді
конфигурациялаңыз. ЖАБДЫҚТАРДЫ
БАСҚАРУ мəзірі туралы қосымша
ақпаратты
«Жабдықтарды басқару»
мəзірі 17-бетте бөлімінен қараңыз.
KKWW Басқару тақтасындағы хабарларды түсіндіру 187