HP Color LaserJet Enterprise CP4020 / CP4520 Series Printer - User Guide

Кескін сапасын оңтайландыру жəне жақсарту
Ішкі басып шығару сапасының сынақ беттері
Басып шығару сапасына қатысты мəселелерді анықтауға жəне шешуге көмектесу үшін ішкі
басып шығару сапасының ақаулықтарын жою беттерін пайдаланыңыз.
1. Баст. бет түймесін
басыңыз.
2. ДИАГНОСТИКА мəзірін ерекшелеу үшін, төмен көрсеткіні
басып, OK түймешігін басыңыз.
3.
төмен көрсеткісін басу арқылы PQ АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ опциясын бөлектеңіз де,
беттерді басып шығару үшін OK түймесін басыңыз.
Басып шығару сапасына қатысты ақаулықтар беттерін басып шығарғаннан кейін өнім Дайын
күйіне қайтады. Басылған беттердегі нұсқауларды орындаңыз.
Принтер драйверлерін басқару жəне параметрлерін реттеу
Басып шығару сапасына əсер ететін ішкі параметрлерді орнату үшін өнім қағаз түріндегі
параметрді пайдаланады. Принтер драйверінде жəне өнімнің басқару панелінде əрдайым
дұрыс қағаз түрінің параметрін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, принтер драйверінің Қағаз/сапа
қойындысындағы басқа да параметрлердің дұрыс екенін тексеріңіз.
Windows амалдық жүйесінде басып шығару талаптарыңызға сəйкес келетін принтер драйверін
пайдаланыңыз.
HP PCL 6 драйвері
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен өнім мүмкіндігі
қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп əзірленген
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тараптар шығарған жəне өзгертпелі
бағдарламалық құралдармен толық үйлеспеуі мүмкін
HP UPD PS драйвері
Adobe® бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты көп
тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін ұсынылады
Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауд
ы немесе postscript флэш қаріптерін
қолдауды қамтамасыз етеді
HP UPD PCL 5 драйвері
Үшінші тарап немесе бейімделген бағдарламалық құралдан басып шығару үшін ең
үздік таңдау
Өнімді PCL 5 (UNIX, Linux, mainframe) тіліне орнатуды қажет ететін аралас
орталарда жұмыс істегенде ең үздік таңдау
Өнімді калибрлеу
Калибрлеу баспа сапасын оңтайландыратын өнім функциясы болып табылады. Егер сіз бейне
сапасына қатысты мəселелерді кездестірсеңіз, өнімді калибрлеңіз.
1. Баст. бет түймесін
басыңыз.
2. ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірін ерекшелеу үшін, төмен көрсеткіні
басып,
OK түймешігін басыңыз.
KKWW Кескін сапасының мəселелерін шешу 235