LASERJET ENTERPRISE 500 COLOR MFP M575
Сақталған тапсырманы басып шығару Өнімнің жадында сақталған тапсырманы басып шығару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Құрылғы жадынан шығарып алу түймешігіне жылжып барып, түртіңіз. 2. Тапсырма сақталған қалтаның атауын таңдаңыз. 3. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын немесе құпия сөзді енгізіңіз. 4. Көшірмелер санын реттеңіз де, тапсырманы басып шығару үшін Бастау түймешігін түртіңіз.
Оңай қолданылатын USB арқылы басып шығару Бұл өнімде оңай қолданылатын USB арқылы басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды компьютерге жіберместен жылдам басып шығаруға болады. Өнім өнімнің алдындағы USB портында стандартты USB флеш жадтарын қабылдайды. Төмендегі файл түрлерін басып шығаруға болады: ● .pdf ● .prn ● .pcl ● .ps ● .cht Бұл мүмкіндікті пайдалана алмас бұрын USB портын қосу керек. Портты өнімнің басқару тақтасының мəзірлерінен қосу үшін келесі процедураны пайдаланыңыз: 1.
2. USB құрылғысынан шығарып алу экраны ашылады. Экранның сол жағындағы тізімнен қалтаны таңдаңыз. 3. Басылып шығатын құжаттың атауын таңдаңыз. 4. Көшірмелер санын реттеу үшін Көшірмелер саны өрісін түртіңіз де, пернетақтаны пайдаланып, көшірмелер санын таңдаңыз. 5. Құжатты басып шығару үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Көшіру тапсырмасын салыстыру 1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз. 2. Салыстыру түймешігін басыңыз.
3. Салыстыру қосулы (бет ретіндегі жиындар) опциясын түртіңіз. OK түймешігін басыңыз. 4. Бастау түймешігін басыңыз.
Екі жағына басып шығару (дуплекс) Екі жағына автоматты түрде басып шығару 1. Түпнұсқа құжаттарды құжат бергішке бірінші беттің бетін жоғары қаратып əрі беттің жоғарғы жағымен салыңыз. 2. Қағаз бағыттағыштарын құжат өлшемі бойынша реттеңіз. 3. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін басыңыз. 4. Жақтары түймешігін басыңыз.
5. Бір жақты түпнұсқадан екі жақты көшірмені жасау үшін 1-жақты түпнұсқа, 2-жақты шығыс түймешігін басыңыз. Бір жақты түпнұсқадан екі жақты көшірмені жасау үшін 2-жақты түпнұсқа, 2-жақты шығыс түймешігін басыңыз. Бір жақты түпнұсқадан екі жақты көшірмені жасау үшін 2-жақты түпнұсқа, 1-жақты шығыс түймешігін басыңыз. OK түймешігін басыңыз. 6. Бастау түймешігін басыңыз. Қолмен екі жағына басып шығару 8 1. Сканердің қақпағын ашыңыз. 2.
3. Сканер қақпағын абайлап жабыңыз. 4. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін басыңыз. 5. Жақтары түймешігін басыңыз. 6. Бір жақты түпнұсқадан екі жақты көшірмені жасау үшін 1-жақты түпнұсқа, 2-жақты шығыс түймешігін басыңыз. Бір жақты түпнұсқадан екі жақты көшірмені жасау үшін 2-жақты түпнұсқа, 2-жақты шығыс түймешігін басыңыз. Бір жақты түпнұсқадан екі жақты көшірмені жасау үшін 2-жақты түпнұсқа, 1-жақты шығыс түймешігін басыңыз. OK түймешігін басыңыз. 7. Бастау 8.
Көшірмедегі бейнені үлкейту немесе кішірейту 10 1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз. 2. Кішірейту/үлкейту түймешігін басыңыз.
3. Алдын ала анықталған пайыздардың біреуін таңдаңыз немесе Масштабтау өрісін түртіңіз жəне құжат бергішін пайдаланғанда 25 пен 200 арасындағы пайызды енгізіңіз немесе сканер əйнегінен көшіру кезінде 25 пен 400 арасындағы пайызды енгізіңіз. OK түймешігін басыңыз. Сондай-ақ, мына опцияларды таңдауға болады: ● Автоматты: Өнім суретті науадағы қағаз өлшеміне сай болатындай етіп автоматты түрде масштабтайды.
Мəтін немесе суреттер үшін көшірме сапасын оңтайландыру Көшірілетін суреттің түрі үшін көшірмесі жасалатын тапсырманы оңтайландыру: мəтін, сызбалар немесе фотосуреттер. 1. 2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз. Қосымша параметрлер түймешігін, одан кейін Optimize Text/Picture (Мəтінді/суретті оңтайландыру) түймешігін басыңыз. 3.
Арнайы қағазға көшіру үшін қағаз өлшемін жəне түрін орнатыңыз 1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз. 2. Paper Selection (Қағазды таңдау) түймешігін түртіңіз. 3. Пайдалану керек қағаз орналасқан науаны таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
Сканерленген құжатты желілік қалтаға жіберу Өнім файлға сканерлеп, оны желідегі қалтаға сақтай алады. Бұл мүмкіндікті келесі операциялық жүйелер қолдайды: ● 64 биттік Windows Server 2003 ● 64 биттік Windows Server 2008 ● 64 биттік Windows XP ● 64 биттік Windows Vista ● 64 биттік Windows 7 ● Novell v5.1 жəне одан кейінгі нұсқа (Жылдам орнату қалталарына ғана кіру рұқсаты) ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Желілік қалтаға сақтау түймешігін түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз. 3. Алдын ала орнатылған тапсырма параметрлерінің біреуін пайдалану үшін Жылдам орнату тізіміндегі элементтердің біреуін таңдаңыз. 4. Жаңа тапсырманы орнату үшін Файл атауы: мəтіндік өрісінде файлдың атауын енгізіңіз жəне Қалтаның жолы өрісінде желілік қалтаның жолын енгізіңіз. Жол үшін мына пішімді пайдаланыңыз: \\path\path KKWW Сканерленген қ
5. Құжат параметрлерін реттеу үшін Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз. 6. Файлды сақтау үшін Бастау түймешігін түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Суретті экранның жоғарғы оң бұрышындағы Алдын ала қарау түймешігін түрту арқылы кез келген уақытта алдын ала қарауға болады. Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат алу үшін алдын ала қарау экранында Анықтама түймешігін басыңыз.
Сканерленген құжатты өнім жадындағы қалтаға жіберу Осы процедураны пайдаланып, көшірмелерді кез келген уақытта басып шығара алу үшін құжатты сканерлеп, өнімде сақтаңыз. 1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін жоғары қаратып қойыңыз жəне қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сəйкес реттеңіз. 2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Құрылғы жадына сақтау түймешігіне жылжып барып, басыңыз.
Сканерленген құжатты USB флеш жадына жіберу Өнім файлды сканерлеп, оны USB жадындағы қалтаға сақтай алады. ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін. 1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін жоғары қаратып қойыңыз жəне қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сəйкес реттеңіз. 2. USB флеш жадын өнімнің басқару тақтасының сол жағындағы USB портына енгізіңіз. ЕСКЕРІМ: USB портының қақпағын ашу керек болуы мүмкін.
3. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда USB құрылғысына сақтау түймешігіне жылжып барып, басыңыз. ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз. 4. Тізімдегі қалталардың біреуін таңдаңыз немесе USB флеш жадында жаңа қалтаны жасау үшін Жаңа қалта түймешігін басыңыз. 5. Файл атауы: өрісінде файл атауын енгізіңіз. OK түймешігін басыңыз. Файл түрі ашылмалы тізімінен файл түрін таңдаңыз. OK түймешігін басыңыз.
6. Құжат параметрлерін реттеу үшін Қосымша параметрлер түймешігін басыңыз. 7. Файлды сақтау үшін Бастау түймешігін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Суретті экранның жоғарғы оң бұрышындағы Алдын ала қарау түймешігін түрту арқылы кез келген уақытта алдын ала қарауға болады. Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат алу үшін алдын ала қарау экранында Анықтама түймешігін басыңыз.
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта мекенжайларына жіберу 1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін жоғары қаратып қойыңыз жəне қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сəйкес реттеңіз. 2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Электрондық пошта түймешігін түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз. 3. Пернетақтаны ашу үшін To (Алушы) өрісін түртіңіз.
4. Бірнеше мекенжайға жіберу үшін мекенжайларды үтірмен бөліңіз немесе əр мекенжайды енгізгеннен кейін сенсорлы экран пернетақтасындағы Enter пернесін түртіңіз. 5. Өрісті түрту жəне сенсорлы экран пернетақтасын пайдаланып ақпаратты енгізу арқылы Көшірме:, Тақырып: жəне Файл атауы: өрістерін толтырыңыз. 6. Құжаттың параметрлерін өзгерту үшін Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз. 7. Егер екі жақты құжатты жіберіп жатсаңыз, Бастапқы жақтар мəзірін таңдап, 2 жақты параметрін таңдаңыз.
8. Жіберуді бастау үшін Бастау түймешігін түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Суретті экранның жоғарғы оң бұрышындағы Алдын ала қарау түймешігін түрту арқылы кез келген уақытта алдын ала қарауға болады. Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат алу үшін алдын ала қарау экранында Анықтама түймешігін басыңыз. 9. Басқа электрондық пошта тапсырмасын орнату үшін күй экранындағы OK түймешігін түртіңіз.
Нөмірлерді қолмен енгізу арқылы факс жіберу 24 1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін жоғары қаратып қойыңыз жəне қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сəйкес реттеңіз. 2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз. Сізден пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізу сұралуы мүмкін. 3. Қосымша параметрлер түймешігін басыңыз. Параметрлер түпнұсқаның параметрлеріне сай екенін тексеріңіз.
4. Пернетақтаны ашу үшін, Fax Number («Факс нөмірі») өрісін түртіңіз. 5. Телефон нөмірін енгізіп, OK түймешігін түртіңіз. 6. Факс жіберу үшін, Бастау түртіңіз. түймешігін ЕСКЕРІМ: Суретті экранның жоғарғы оң бұрышындағы Алдын ала қарау түймешігін түрту арқылы кез келген уақытта алдын ала қарауға болады. Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат алу үшін алдын ала қарау экранында Анықтама түймешігін түртіңіз.
Қысқаша анықтама нұсқаулығы KKWW
© 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. www.hp.