HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - Warranty and Legal Guide

миллиондаған тонна қоқыстардан сақтап қаламыз. Бұл картридж қайта өңделіп, жаңа
материалдарда пайдаланылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаны сақтауға
жауапкершілік көрсеткеніңізге рахмет!
ЕСКЕРІМ: Тек шынайы HP LaserJet тонер картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін
пайдаланыңыз. Бұл белгіні HP сиялы картридждерге, HP шығармаған картридждерге, қайта
толтырылған, қайта жасап шығарылған немесе кепілдік мерзімі кезінде қайтарылған
картридждерге пайдаланбаңыз. HP сиялы картридждеріңізді қайта өңдеу туралы ақпарат
алғыңыз келсе,
http://www.hp.com/recycle торабына өтіңіз.
Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонер картриджінің қорабына қосылған жапсырманы пайдаланудан кейін бір немесе
бірнеше HP LaserJet тонер картридждерін қайтаруға жəне қайта өңдеуге арналған. Төмендегі
тиісті нұсқауларды орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1. Əр HP LaserJet тонер картриджін бастапқы қорапқа жəне қапшыққа ораңыз.
2. Жəшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың
салмағы 31 кг (70 фунт) дейін болуы мүмкін.
3. Бір ал
дын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1. Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз, не болмаса
www.hp.com/recycle торабынан
немесе 1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұраңыз (HP LaserJet
тонер картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1. HP LaserJet тонер картриджін бастапқы қапшыққа жəне қорапқа ораңыз.
2. Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
АҚШ жəне Пуэрто-Рико елдерінде HP LaserJet тонер картридждерін қайта өңдеуге қайтару үшін
қ
ораптағы алдын ала төленген, мекенжайы жазылған тасымалдау жапсырмасын пайдаланыңыз.
UPS жапсырмасын пайдалану үшін қорапты жеткізу немесе алып кету кезінде UPS (Бірыңғай
тасымалдау қызметі) мекемесіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау орталығына апарыңыз.
(Сұраныс бойынша UPS алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы бойынша
есептеледі.) Жергілікті UPS қабылдау орталығының мекенжайын білу үшін 1-800-PICKUPS
нөміріне қоңырау шалыңыз немесе
www.ups.com торабын қараңыз.
Егер FedEx жапсырмасы арқылы қайтаратын болсаңыз, онда қорапты АҚШ пошта қызметінің
тасымалдаушысына беріңіз немесе FedEx жүргізушісіне келесі жеткізу немесе алып кету кезінде
беріңіз. (Сұраныс бойынша FedEx алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы бойынша
есептеледі). Немесе қапталған баспа картридж(дер)ін кез келген АҚШ пошта қызметіне немесе
FedEx тасымалдау орталығына, не қоймасына апарып таст
ауға болады. Ең жақын орналасқан
АҚШ пошта қызметінің мекенжайын 1-800-ASK-USPS телефоны арқылы немесе
www.usps.com
20 Бап 3 Нормативтік ақпарат KKWW