HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - Input Tray Registration (Tray 2)
2-науаға қағаз салу
Бұл науаға 75 г/м
2
қағаздың 250 парағына дейін сыяды. Егер қағаз ауырлау болса, науаға көп қағаз
сыймайды. Науаны асырып толтырмаңыз.
ЕСКЕРТУ: Конверттерді, жапсырмаларды, ашықхаттарды немесе қолдау көрсетілмейтін қағаз
өлшемдерін 2-науадан басып шығармаңыз. Қағаздың мұндай түрлерін 1-науадан ғана басып шығарыңыз.
1. Науаны ақырын ашыңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдалану кезінде науаны
ашпаңыз.
2. Қағаздың ұзындығы мен қағаздың енін
бағыттағыштарды реттеуіш бекіткіштерін
қысу жəне бағыттағыштарды
пайдаланылатын қағаз өлшеміне сырғыту
арқылы дұрыстаңыз.
3. Қағазды науаға бетін жоғары қаратып
салыңыз. Бағыттағыштардың жинаққа
майыстырмай, сəл тиіп тұрғанына көз
жеткізу үшін қағазды тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Кептелуге жол бермеу үшін
науаны толтырып жібермеңіз. Жинақтың
жоғарғы жағының науа толы
индикаторынан төмен болатынын
ұмытпаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер науа дұрыс реттелмесе,
басып шығару кезінде қателік хабары
шығады немесе қағаздың кептелуі мүмкін.
© 2012 Copyright Hewlett-Packard Development
Company, L.P.
3
www.hp.com/support/lj500colorMFPM575





