HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Түсті басып шығару
HP EasyColor опциясын пайдалану
Windows амалдық жүйесіне арналған HP PCL 6 принтер драйвері қолданылғанда,
HP EasyColor технологиясы Microsoft Office бағдарламаларынан басылып шыққан аралас
мазмұнды құжаттарды автоматты түрде жақсартады. Бұл технология құжаттарды сканерлейді
жəне .JPEG немесе .PNG форматындағы фотосуреттерді автоматты түрде реттейді.
HP EasyColor технологиясы бүкіл суретті бірнеше бөлікке бөлмей-ақ, бір уақытта жетілдіреді.
Нəтижесінде түс сəйкестігі жақсарып, детальдардың аны
қтығ
ы жəне басып шығару
жылдамдығының артуы қамтамасыз етіледі.
Mac жүйесіне арналған HP Postscript принтерінің драйверін пайдаланған жағдайда,
HP EasyColor технологиясы барлық құжаттарды сканерлеп, барлық фотосуреттерді бірдей
жақсартылған фотографиялық нəтижелермен автоматты түрде реттейді.
Келесі мысалда, сол жақтағы суреттер HP EasyColor опциясы пайдаланбастан жасалған. Оң
жақтағы суреттер HP EasyColor опциясын пайдалану нəтижесіндегі жақсартуларды көрсетеді.
HP EasyColor опциясы HP PCL 6 жəне HP Mac Postscript принтер драйверлерінде əдепкі
бойынша қосулы болады, сондықтан түсті қолмен реттеудің қажеті жоқ. Түс параметрлерін
қолмен реттеу мақсатымен бұл параметрді өшіру үшін, Windows драйверінде Түс немесе Mac
драйверінде Түс/сапа параметрлері қойындысын ашып, HP EasyColor құсбелгісін қойыңыз.
Түс опцияларын өзгерту (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
3. Түс қойындысын басыңыз.
4. Оны тазалау үшін HP EasyColor құсбелгіcін қойыңыз.
KKWW
Түсті басып шығару
101