HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
Жағдайлардың көпшілігі үшін экраныңыздағы түстерді басып шығарылған бетке
сəйкестендірудің ең жақсы əдісі — sRGB түстерін басып шығару.
Үлгілер кітабының түсін сəйкестендіру
Өнімді шығаруды басып шығарылып қойған үлгілер кітаптары мен стандартты түс
сілтемелерімен сəйкестендіру үрдісі күрделі. Жалпы алғанда, үлгілер кітабын жасауға
пайдаланылатын сиялар көгілдір, ашық қызыл, сары жəне қара болса, үлгілер кітабымен өте
жақсы сəйкестендіруіңізге болады. Бұларға əдетте өңдеу түстерінің үлгілер кітаптары ретінде
сілтеме жасалады.
Кейбір үлгілер кітаптары түс бояуларынан жасалады. Түс б
ояулары арнайы жа
салған
бояғыштар болып табылады. Бұл түс бояуларының көпшілігі өнімнің сыртында болады.
Көптеген түс бояларының үлгілер кітабы түс бояуларына CMYK сəйкестіктерін беретін ұқсас
өңдеу үлгілер кітаптарын қамтиды.
Көптеген өңдеу үлгілер кітаптары үлгілер кітаптарын басып шығаруға пайдаланылған өңдеу
стандарттарын анықтайды. Көбінесе олар SWOP, EURO немесе DIC болады. Өңдеу үлгілер
кітабына сəйкес кел
етін оңта
йлы түс алу үшін өнімнің мəзірінен лайықты сия эмуляциясын
таңдаңыз. Егер өңдеу стандартын көрсете алмасаңыз, SWOP сия эмуляциясын пайдаланыңыз.
Түс үлгілерін басып шығару
Түс үлгілерін пайдалану үшін қажетті түске жақын сəйкес келетін түс үлгісін таңдаңыз.
Сəйкестендіргіңіз келетін нысанды сипаттау үшін бағдарламаңыздағы үлгінің түс мəнін
пайдаланыңыз. Басып шығарылған түстер пайдаланылатын қағаз түрі мен бағдарламаға
байланысты өзгеріп отырады.
Басқару тақтасы арқылы өнімде түс үлгілерін басып шығару үшін төмендегі іс рəсімін
пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймеш
ігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
●
Есептер
● Басқа беттер
3. RGB үлгілері немесе CMYK үлгілері опциясын таңдап, OK түймешігін түртіңіз.
PANTONE® түс сəйкестендіруі
PANTONE бірнеше түсті сəйкестендіру жүйесі бар. PANTONE MATCHING SYSTEM® — өте
танымал жəне кең ауқымды түс реңктерін жасауға тұтас байланыстарды пайдаланады.
ЕСКЕРІМ: Туындаған PANTONE түстері PANTONE анықталған стандарттарымен сəйкес
келмеуі мүмкін. Нақты түс үшін ағымдағы PANTONE жарияланымдарын қараңыз.
KKWW
Түсті басып шығару
105










