HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

HP ePrint мобильді драйверін пайдалану
HP ePrint мобильді драйвері жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбуктен кез келген HP ePrint
қолдайтын өнімге басып шығаруды оңай етеді. Драйверді орнатқаннан кейін бағдарлама ішінен
Басып шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint Mobile
драйверін таңдаңыз. Осы жалғыз драйвер ePrintCenter есептік жазбасында тіркелген HP ePrint
қолдайтын өнімдерді табуды оңай етеді. Мақсатты HP өн
імі үстелде нем
есе қашықтағы орында
болуы мүмкін, мысалы, филиал кеңсесі немесе дүние жүзіндефайл түрі немесе өлшемі
шектеулерінсіз интернетті пайдалана отырып қашықтан басып шығара аласыз. Мақсатты өнім
дүниенің кез келген бөлігінде бола алады, егер ол интернетке қосылған жəне ePrintCenter
есептік жазбасында тіркелген болса, басып шығару тапсырмасын өнімге жібере аласыз.
Windows үш
ін HP ePrint моби
льді драйвері сонымен бірге қолдау көрсетілетін PostScript®
өнімдеріне желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дəстүрлі тікелей IP
басып шығаруды қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін
www.hp.com/go/eprintmobiledriver бетіне өтіңіз.
Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер
Windows® XP (32 биттік, SP 2 немесе жоғары)
ЕСКЕРІМ: Майкрософт Windows XP жүйесін негізгі қолдауды 2009 жылдың сəуірінде
тоқтатты. HP тоқтатылған XP амалдық жүйесін қолдау үшін күш салуды жалғастырады.
Windows Vista® (32 биттік жəне 64 биттік)
Windows 7 (32 биттік жəне 64 биттік)
Windows .Net 3.5, 1-жаңарту пакеті
ЕСКЕРІМ: «Принтер қосу» шеберін пайдаланып жатпасаңыз, Windows .Net 3.5
орнатылады.
Mac OS X v10.5 жəне v10.6
ЕСКЕРІМ: HP ePrint мобильді драйверіMac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің
қызметтік бағдарламасы жəне техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac үшін
HP ePrint Mobile басып шығару жолдарын тек ePrintcenter арқылы қолдайды жəне жергілікті
желілік принтерлерге тікелей IP басып шығаруды қолдамайды.
KKWW
HP ePrint мобильді драйверін пайдалану
113