HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Тапсырмаларды құру режимін пайдалану
Тапсырмаларды құру мүмкіндігін түпнұсқа құжаттардың бірнеше жиынын бір көшіру
тапсырмасына біріктіру үшін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл мүмкіндікті құжат бергіш бір
уақытта сыйдыра алатыннан көбірек беттері бар түпнұсқа құжатты көшіру үшін пайдаланыңыз.
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін
жоғары қаратып қойыңыз жəне қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сəйкес ре
ттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
3. Қосымша параметрлер түймешігін, одан кейін Тапсырмаларды құру түймешігін басыңыз.
4. Тапсырмаларды құру түймешігін түртіңіз.
5. OK түймешігін түртіңіз.
6. Қажет болса, көшіру опцияларын таңдаңыз.
7. Бастау
түймешігін түртіңіз. Əр бет сканерленгеннен кейін басқару тақтасы қосымша
беттер туралы сұрайды.
8. Егер тапсырмада қосымша беттер болса, келесі бетті салыңыз да, Сканерлеу түймешігін
түртіңіз.
Өнім сканерленген суреттердің бəрін уақытша сақтайды. Көшіру тапсырмасын басып
шығару үшін Аяқтау түймешігін түртіңіз.
140
Бап 6 Көшіру KKWW