HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Сканерленген құжатты желілік қалтаға жіберу
Өнім файлға сканерлеп, оны желідегі қалтаға сақтай алады. Бұл мүмкіндікті келесі
операциялық жүйелер қолдайды:
64 биттік Windows Server 2003
64 биттік Windows Server 2008
64 биттік Windows XP
64 биттік Windows Vista
64 биттік Windows 7
Novell v5.1 жəне одан кейінгі нұсқа (Жылдам орнату қалталарына ғана кіру рұқсаты)
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
Жүйелік əкімші HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдаланып алдын ала анықталған
Жылдам орнату қалталарын реттей алады немесе басқа желілік қалтаға жол беруге болады.
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен
қаратып қойыңыз немесе оны құжат
бергішке бетін жоғары қаратып қойыңыз
жəне қағаз бағыттауыштарын құжат
өлшеміне сəйкес реттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда Желілік қалтаға сақтау түймешігін
түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы
аты мен құпия сөзді енгізіңіз.
150
Бап 7 Сканерлеу/жіберу KKWW