HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Факстарды мұрағаттау жəне қайта бағыттау
Бүкіл кіріс факстардың, бүкіл шығыс факстардың мұрағаттық көшірмелерін немесе екеуін де
көрсетілген электрондық пошта мекенжайына сақтау үшін факстарды мұрағаттау мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Бүкіл қабылданған факстарды, бүкіл шығыс факстарды немесе екеуін де басқа факс нөміріне
қайта бағыттау үшін факстарды қайта бағыттау мүмкіндігін пайдаланыңыз. Факстарды қайта
бағыттау қосулы кезде, қабылдайтын өнім факсты басып шығарады, со
ндай-ақ, факс
ты
факстарды қайта бағыттау нөміріне қайта бағыттайды.
ЕСКЕРІМ: Электрондық пошта мекенжайларына мұрағаттау (Архивировать в адреса
электронной почты) мүмкіндігін пайдалану үшін SMTP сервері конфигурацияланған жəне жауап
беретін болуы керек. SMTP серверін конфигурациялау үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз. Электрондық пошта параметрлерін орнату (Настройка электронной
почты) параметрлері Сканерлеу/сандық жіберу (Сканирование/цифровая отправка)
қойындысында орналасқан.
Факстарды мұрағаттауды қосу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факсты мұрағаттау жəне қайта бағыттау
3. Факсты мұрағаттауды қосу жолағын түртіңіз.
4. Мұрағаттау керек факс тапсырмасының түрі ашылмалы мəзірінен келесі опциялардың
біреуін таңдаңыз:
Send and receive (Жіберу жəне қабылдау) (əдепкі)
Send only (Те
к жіберу)
Rece
ive only (Тек қабылдау)
5. Пернетақтаны ашу үшін, Факсты мұрағаттау электрондық пошта мекенжайы өрісін түртіңіз.
6. Факстар қайта бағытталатын электрондық пошта мекенжайын теріңіз де, OK түймешігін
түртіңіз.
7. Сақтау түймешігін түртіңіз.
KKWW
Факстарды мұрағаттау жəне қайта бағыттау
181