HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Я болмаса, өнімнің конфигурация бетін басып шығару немесе қарау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
ə. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
Конфигурация беті
б. Басып шығару немесе Көру түймешігін түртіңіз.
в. Jetdirect бетінде IP мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
2. Ком
пьютеріңіздегі қолдау көр
сетілетін веб-шолғыштағы мекенжай/URL өрісіне өнімнің IP
мекенжайын немесе хост атауын енгізіңіз.
HP енгізілген веб-серверінің мүмкіндіктері
Ақпарат қойындысы
Кесте 9-1 HP енгізілген веб-серверінің Ақпарат қойындысы
Мəзір Сипаттама
Құрылғы күйі Өнімнің күйін көрсетеді жəне HP жабдықтарының қалған өлшеулі қызмет ету
мерзімін көрсетеді. Оған қоса, бет əр науаға белгіленген қағаз түрі мен
өлшемін көрсетеді. Əдепкі параметрлерді өзгерту үшін, Параметрлерді
өзгерту сілтемесін басыңыз.
Тапсырма журналы Өнімде өңделген барлық тапсырмалардың қорытынды жинағын көрсетеді.
Конфигурация беті Конфигурация бетінде табылған ақпаратты көрсетеді.
Жабдықтар күйінің беті Жабдықтардың өнімге қаты
сты күйін көрсетеді.
Оқиға журналының беті Өнімнің барлық оқиғалары мен қателіктерінің тізімін көрсетеді. Мəселелерді
шешуге көмектесетін бірқатар динамикалық беттерге қосылу үшін HP Instant
Support қызметі сілтемесін (HP енгізілген веб-серверінің барлық
беттеріндегі Басқа сілтемелер аймағында орналасқан) пайдаланыңыз.
Сондай-ақ, бұл беттер өнімге қол жетімді қосымша қызметтерді көрсетеді.
Пайдалану беті Өнім басып шығарған, өлшеміне, түр
іне жəне қағазды басып шығару жолына
қарай топтастырылған беттердің саны туралы қорытындыны көрсетеді.
Құрылғы туралы ақпарат Өнімнің желісінің атауын, мекенжайын жəне модель жөніндегі ақпаратты
көрсетеді. Осы жазбаларды өзгерту үшін, Құрылғы туралы ақпарат
мəзіріндегі Жалпы қойындысын басыңыз.
Басқару тақтасының суреті Басқару тақтасының дисплейінде ағымдағы экранның кескінін көрсетеді.
KKWW
HP енгізілген веб сервері
205