HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Үнемдеу параметрлері
Жылдамдықты немесе қуатты пайдалануды оңтайландыру
Əдепкі бойынша, жылдамдықты оңтайландыру жəне тапсырмалардың бірінші бетін тезірек
басып шығару үшін өнім тапсырмалардың арасында жылы болады. Өнімді тапсырмалар
арасында суытуға орната аласыз, бұл қуатты үнемдейді.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
Қуат параметрлері
Оңтайлы жылдамдық/қуатты пайдалану
3. Пайдалану к
ерек опцияны та
ңдаңыз да, Сақтау түймешігін түртіңіз.
Күту режимін реттеу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Төмендегі мəзірлердің əр біреуін ашыңыз.
а. Жалпы параметрлер
ə. Ұйқы таймерінің параметрлері
б. Ұйқы режимі/автоматты өшу (Спящий режим/авто отключение)
3. Тиісті уақыт аралығын таңдап, Сақтау түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Күту режимінің əдепкі уақыты30 минут.
Күту режиміне өту кестесін орнату
ЕСКЕРІМ: Күту кестесі мүмкіндігін пайдалану мүмкін болуы үшін алдымен күн мен уақыт
параметрлерін конфигурациялау керек.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
Күн/уақыт параметрлері
KKWW
Үнемдеу параметрлері
215