HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
«Мəселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару тақтасы бос немесе қара болса, осы қадамдарды аяқтаңыз:
а. Қуат сымын тексеріңіз.
ə. Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сəйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу
талаптарын өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның
кернеуі талаптарға сай бо
лмаса, өнімд
і тікелей қуат розеткасына қосыңыз. Егер ол
қуат розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP компаниясының Пайдаланушыға
қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.
2. Басқару тақтасы Дайын күйін көрсетуі тиіс. Қате хабары пайда болса, қатені жойыңыз.
3. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен ком
пьютер
дің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған
жерлерін тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ə. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желілік байланысты тексеріңіз.
4. Таңдалған қағаз өлшемі мен түрі техникалық сипаттамаларға сай екенін тексеріңіз.
Сондай-ақ, өнімнің басқару тақтасындағы мəзірді Науалар ашыңыз да, науаның қағаз тү
рі
мен өлшемі үшін дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
5. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер өнім желіге қосылған болса, HP Jetdirect беті
де басылып шығады.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
ə. Мына мəзірлерді ашыңыз:
◦
Есептер
◦ Конфигурация/күй беттері
◦
Конфигурация беті
б. Бетті басып шығару үш
ін Басып шыға
ру түймешігін түртіңіз.
Егер бет басылып шықпаса, кемінде бір науада қағаздың бар екенін тексеріңіз.
Өнімде қағаз кептеліп қалса, шығару үшін басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер бет дұрыс басылып шықпаса, онда ақаулық өнімнің аппараттық құрылғысында болуы
керек. HP компаниясының пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.
222
Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW










