HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Калибрлеу баспа сапасын оңтайландыратын өнім функциясы болып табылады. Егер сіз бейне
сапасына қатысты мəселелерді кездестірсеңіз, өнімді калибрлеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Құрылғыға техникалық қызмет көрсету
түймешігін түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Мөлшерлеу/тазалау
Толық мөлшерлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Бастау
түймешігін түртіңіз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару əрекетін қайталаңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Төмендегі мəселелерді кез келгені болғанда шаңды жəне артық тонерді алып тастау үшін
тазалағыш бетті басып шығарыңыз:
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Құрылғыға техникалық қы
змет көрсету
түйме
шігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Мөлшерлеу/тазалау
Тазалау беті
3. Бетті басып шығару үшін Басып шығару түймешігін түртіңіз.
4. Тазалау бірнеше минут алуы мүмкін. Тазаланып болғанда, басылып шыққан қағазды алып
тастаңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
245