HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
Ішкі басып шығару сапасының сынақ беттері
Түрлі-түсті баспа сапасына қатысты мəселелерді диагностикалауға жəне шешуге көмектесу
үшін баспа сапасының ақаулықтарын жою беттерін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
● Ақаулықтарды жою
●
Баспа сапасы беттері
● PQ Troubleshooting Pages (PQ ақаулықтарын жою беттері)
3. Басып шығару түймешігін түртіңіз. Құрал бірнеше ба
спа сап
асының ақауларын жою
беттерін басып шығарады.
4. Ақаулықты шешу үшін беттерді қолдану мақсатында
www.hp.com/go/printquality/
lj500colorMFPM575 мекенжайы бойынша баспа сапасының ақаулықтарын жою веб-
торабындағы нұсқауларды орындаңыз.
Тонер картриджін көрнекі тексеру
1. Өнімнен тонер картриджін шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Тонер картриджіндегі бейнелеу барабанының жасыл бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Бейнелеу барабанына тиіспеңіз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері
баспа сапасына кері əсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар
байқалса, тонер картриджін ауыстырыңыз.
5. Бейнелеу барабаны зақымданбаған болып көрінсе, тонер картриджін бірнеше рет ақырын
сілкіп, қайта орнатыңыз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып
шығарыңыз.
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
● Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
●
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
246
Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW










