HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

6. Түрлі түсті құжатты қара жəне сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Сұр шəкілде басу
опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс үшін басып
шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа
көшірмелерін басып шығару немесе түсті тонерді үнемдеу үшін пайдалануға болады.
7. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін Жарайды түй
мешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Жарайды
түймешігін басыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз жəне басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мəттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес
пішім немесе өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
Төмендегі принтер драйверлері
www.hp.com/go/lj500colorMFPM575_software торабында қол
жетімді.
HP PCL 6 драйвері Құралдың CD дискісіндегі əдепкі драйвер ретінде берілген. Басқа бір
драйвер таңдамасаңыз, осы драйвер автоматты түрде орнатылады.
Барлық Windows орталары үшін ұсынылады
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен өнім
мүмкіндігі қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic
Device Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп əзірленген
PCL 5 драйверіне негі
зделген үшінші тарап жəне бейімделген
бағдарламалық құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
HP UPD PS драйвері
Adobe
®
бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты
көп тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін
ұсынылады
Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауды немесе postscript флэш
қаріптерін қолдауды қамтамасыз етеді
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
249