HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

3. Калибрлеу процесін бастау үшін Келесі түймешігін басыңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, көшіру əрекетін қайталаңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
Қағаз параметрлерінде көшірілген беттерде жағылған жерлер, анық емес немесе күңгірт басып
шығарылған жерлер, оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер сыртқа
шыққан аймақтар бар-жоғын тексеріңіз.
Қағаз өлшемі мен түрінің конфигурациясын тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Науалар түймешігіне жылжып барып,
басыңыз.
2. Конфигурациялау керек науаның жолын басыңыз де, Өзгерту түймешігін басыңыз.
3. Опциялардың тізімдерінен қағаз өлшемі мен қағаз түрін таңдаңыз.
4. Таңдауыңызды сақтау үшін OK түймешігін басыңыз.
Көшіру үшін пайдаланылатын науаны таңдау
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігіне жылжып барып,
басыңыз.
2. Paper Selection (Қағазды таңдау) түймешігін басыңыз.
3. Пайдалану керек қағаз орналасқан науаны таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Көшіру сапасын жақсарту үшін осы қосымша параметрлерді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін басыңыз.
2. Суретті реттеу түймешігін басыңыз.
3. Күңгірттік деңгейін, Контраст деңгейін, Sharpness (Айқындық) деңгейін жəне Өңдік тазалау
деңгейін орнату үшін жүгірткілерді реттеңіз. OK түймешігін басыңыз.
4. Бастау
түймешігін басыңыз.
Мəтін немесе суреттер үшін көшірме сапасын оңтайландыру
Көшірілетін суреттің түрі үшін көшірмесі жасалатын тапсырманы оңтайландыру: мəтін,
сызбалар немесе фотосуреттер.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Қосымша параметрлер түймешігін, одан кейін Optimize Text/Picture (Мəтінді/суретті
оңтайландыру) түймешігін басыңыз.
KKWW
Көшіру сапасын жақсарту
253