HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

3. Сканердің негізгі шынысын, құжат бергіштің
шынысын (сканердің сол жағындағы
шынының шағын бөлігі) жəне ақ жабынды
тазалаңыз. Шыныны тырнамайтын шыны
тазалау құралына малынған жұмсақ
шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз.
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе
целлюлоза шүберекпен құрғатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін
тазалау барысында абразивті заттарды,
ацетонды, бензинді, амм
иакты көмі
ртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей
шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар
астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Құжат бергішті пайдаланғанда,
көшірмелерде жолақтар мəселесі бар
болса, сканердің сол жағындағы шынының
шағын бөлігін тазалаңыз.
4. Қуат сымын розеткаға қосып, содан кейін
өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Ажыратымдылық параметрлерін тексеру
ЕСКЕРІМ: Ажыратымдылықты жоғары мəнге орнату файл өлшемі мен сканерлеу уақытын
ұлғайтады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
2. Сканерлеу/сандық жіберу параметрлері мəзірін ашыңыз.
3. Реттелетін сканерлеу санатын жəне жіберу параметрлерін таңдаңыз.
4. Əдепкі тапсырма опциялары мəзірін ашыңыз.
5. Ажыратымдылық түймешігін түртіңіз.
KKWW
Сканерлеу сапасын жақсарту
257