HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
3. Сканердің негізгі шынысын, құжат бергіштің
шынысын (сканердің сол жағындағы
шынының шағын бөлігі) жəне ақ жабынды
тазалаңыз. Шыныны тырнамайтын шыны
тазалау құралына малынған жұмсақ
шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз.
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе
целлюлоза шүберекпен құрғатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін
тазалау барысында абразивті заттарды,
ацетонды, бензинді, амм
иакты көмі
ртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді
зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей
шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар
астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Құжат бергішті пайдаланғанда,
көшірмелерде жолақтар мəселесі бар
болса, сканердің сол жағындағы шынының
шағын бөлігін тазалаңыз.
4. Қуат сымын розеткаға қосып, содан кейін
өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
ЕСКЕРІМ: Ажыратымдылықты арттыру факс өлшемін жəне жіберу уақытын арттырады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
●
Факс параметрлері
● Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
●
Əдепкі тапсырма опциялары
3. Ажыратымдылық түймешігін түртіңіз.
262
Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW










