HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide

Оңай қолданылатын USB баспа ақаулықтарын жою
USB құрылғысы енгізілгенде USB параметрлерінен шығарып алу мəзірі ашылмайды
Файл USB құрылғысынан басып шығармайды
Басылатын файл USB құрылғысынан шығарып алу мəзірінде көрсетілмеген
USB құрылғысы енгізілгенде USB параметрлерінен шығарып алу
мəзірі ашылмайды
1. Оны қолданбас бұрын осы мүмкіндікті қосу қажет.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
басыңыз.
ə. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
USB құрылғысынан шығаруды қосу
б. Қосу опциясын таңдап, Сақтау түймешігін басыңыз.
2. Осы құрылғы қолдамайтын USB құрылғысы немесе файл жүйесі қолданылған болуы
мүмкін. Файлдарды FAT (File Alloc
ation Table) файл
жүйелерін пайдаланатын стандартты
USB құрылғысына сақтаңыз. Өнім FAT32 USB құрылғыларына қолдау көрсетеді.
3. Басқа мəзір бұрыннан ашық болса, оны жауып, USB құрылғысын шығарып, қайта салыңыз.
4. USB құрылғысында бірнеше бөліктер болуы мүмкін. (USB құрылғысының кейбір
өндірушілері бағдарламалық құралды ықшам дискісі сияқты бөліктерді жасайтын қосалқы
құралда орнатады). Бөліктерді өшіру үшін US
B құрылғысын қайта пішімдеңіз немесе USB
құрылғысының басқа түрін қолданыңыз.
5. USB құрылғысы өнім беретіннен көбірек қуатты талап етуі мүмкін.
а. USB құрылғысын алып тастаңыз.
ə. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Өз электр қуаты бар немесе аз қуатты қажет ететін USB құрылғысын пайдаланыңыз.
6. USB құрылғысы дұрыс іс
темей тұрған бо
луы мүмкін.
а. USB құрылғысын алып тастаңыз.
ə. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Басқа USB құрылғысынан басып шығаруға əрекет жасаңыз.
KKWW
Оңай қолданылатын USB баспа ақаулықтарын жою
269