HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
Факс мəселелерін шешіңіз
Факс ақаулықтарын шешу кестесі
Туындаған кез келген факске қатысты ақаулықтардың себебін анықтауға көмектесу үшін келесі
кестені қолданыңыз:
● Факс жабдығымен берілген факс кабелін қолданып жатқаныңызға сенімдісіз бе?
Факс жабдығы RJ11 жəне қызметтік спецификацияларға сəйкес келу үшін берілген факс
кабелімен сынақталған. Басқа факс кабелімен ауыстырмаңыз; аланогтық факс жабдығы
аналогтық факс кабелін талап етеді. Бұл да аналогтық телефон қо
сылы
мын қажет етеді.
●
Факс/телефон желісін қосқыш факс жабдығының розеткасына тығылған ба?
Телефон ұясының розеткаға дұрыс тығылғанын тексеріңіз. Ол "сырт" еткенше қосқышты
розеткаға тығыңыз.
●
Телефонның қабырға ұясы дұрыс жұмыс істеп тұр ма? Телефонды қабырға ұясына
қосу арқылы теру дыбысының болуын тексеріңіз. Теру дыбысын есітіп тұрсыз ба жəне
телефон қоңырауын шала не қаб
ылдай аласыз ба?
Телефон желісінің қай түрін қолданудасыз?
● Ерекшеленген желі: Қалыпты аналогтық факс/телефон желісі факстерді қабылдауға не
жіберуге тағайындалған.
ЕСКЕРІМ: Телефон желісі тек қана құрал факсін қолдануға арналған болуы жəне
телефон құрылғыларының басқа түрлерімен ортақ пайдаланылмауы қажет. Мысалдар
телефон желісі басқарушы компанияға жіберетін ескертулерді қолданатын дабыл
жүйелерін қамтиды.
●
PBX жүйесі: Іскери ортаның телефон жүйесі. Стандартты үй телефондары мен факс
жабдықтары аналогтық телефон сигналын қолданады. Кейбір PBX жүйелері сандық жəне
оларды факс жабдығымен үйлестіру мүмкін емес. Факстерді жібере жəне қабылдай алу
үшін стандартты аналогтық телефон қосылымына рұқсат қажет.
● Ауыстырылатын желілер: Алғашқы кіріс желісі бос болмағанда жаңа қоңырау келесі бос
желіге «ауы
сатын» телефон жүйесінің мүмкіндігі. Құралды алғашқы кіріс телефон желісіне
тіркеп көріңіз. Факс жабдығы жауап беру үшін қоңырау саны параметрінде орнатылған
қоңырау сандарынан кейін телефонға жауап береді.
ЕСКЕРІМ: Ауыстырылатын желілер факстерді қабылдау кезінде ақаулықтар тудыруы
мүмкін. Осы құралмен ауыстырылатын желілерді қолдану ұсынылмайды.
ЕСКЕРІМ: Ауыстырылатын желілер факстерді қабылдау кезінде ақаулықтар тудыруы мүмкін.
Осы құралмен ауыстырылатын желілерді қолдану ұсынылмайды.
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны қолданып жатырсыз ба?
Ток кернеуінің артуынан қорғайтын құрылғыны телефон желіллері арқылы берілетін электр
қуатына қарсы факс жабдығын қорғау үшін қабырға ұясы мен факс жабдығы арасында
қолдануға болады. Бұл құрылғылар телефон сигналының сапасын төмендету арқылы кейбір
274
Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW










