HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
Мəселе Себебі Шешу
Қабылдаушы факс машинасында
ақау болуы мүмкін.
Басқа факс машинасына жіберіп
көріңіз.
Телефон желісі жұмыс істемей тұрған
болуы мүмкін.
Телефон ұясынан факс жабдығын
ажыратып, телефонды қосыңыз.
Телефон желісінің жұмыс істеп
тұрғанын тексеру үшін телефонмен
қоңырау шалып көріңіз.
Шығыс факс қоңыраулары теруді
жалғастыруда.
Факс жабдығы Redial On Busy (Нөмір
бос болмаса, қайта теру) параметрі
қосу
лы болғанда немесе R
edial On
No Answer (Жауап болмағанда қайта
теру) параметрі қосулы болғанда
факс нөмірін автоматты түрде қайта
тереді.
Бұл қалыпты əрекет. Факстің қайта
орындалуын қаламасаңыз, Redial On
Busy (Нөмір бос болмаса, қайта теру)
параметрін 0 мəніне, Redial On No
Answer (Жауап болмағанда қайта
теру) параметрін 0 мəніне жəне
Redial on e
rror (Қате болса қайт
а теру)
параметрін 0 мəніне орнатыңыз.
Жіберілген факстер қабылдаушы
факс құрылғысына бармайды.
Қабылдаушы факс құрылғысы
өшірілген немесе қағаз жоқ сияқты
қате жағдайы болуы мүмкін.
Факс құрылғысының қосылып
тұрғанын жəне факстерді қабылдауға
дайындығын тексеру үшін алушыдан
сұраңыз.
Факс жадта болуы мүмкін, себебі ол
бос емес нөмірді қайта теруді күтуде
немесе алдым
ен жі
берілу қажет
басқа тапсырмалар бар.
Егер осы себептердің бірімен факс
тапсырмасы жадта болса, тапсырма
жазбасы факс журналында көрінеді.
Факс жұмыстарын тіркеу журналын
басып шығарыңыз жəне Result
(Нəтиже) бағанын Pending (Күту)
белгісі бар тапсырмалар үшін
тексеріңіз.
Факстің қате кодтары
Факстің берілуін болдырмайтын не оған кедергі келтіретін факс ақаулығы туындаса,
ақаулықтың себебін анықтауға көмектесетін қате коды жасалады. Қате кодтары факс
жұмыстарын тіркеу журналында, факс шақыру туралы есепте жəне T.30 протокол жазбасында
көрсетіледі. Қате кодын алу үшін осы есептердің бірін басып шығарыңыз. Қате кодтарының
толық деректі сипаттамасы мен сəйкес əрекеті
www.hp.com веб-торабында қол жетімді.
HP LaserJet аналогтық факс жабдығы 500 параметрін іздеңіз.
Құралдағы басқару тақтасындағы факстің қате хабарлары
Факс процесіне кедергі келтірілсе немесе факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қате
туындаса, екі бөлікті күй/қате сипаттамасы құралдағы факстің бағыныңқы жүйесі арқылы
жасалады.ъ Қалыпты немесе сəтті факстер де сəттілікті көрсететін хабарларды жасайды.
Хабар анықатмасы мəтіндік сипаттама мен сандық кодтан тұрады (аз ғана хабарлар сандық
кодты қамтымайды). Тек қана хабардың мəтін бө
лігі ғана құралд
ың басқару тақтасында
көрсетіледі; дегенмен, мəтіндік хабар мен сандық код факс əрекеттері есебінде, факс
қоңыраулары есебінде жəне факстің T.30 Trace есебінде тізімделеді. Сандық код есептердегі
хабардың мəтіндік бөлігінен кейін жақшада көрсетіледі.
KKWW
Факс мəселелерін шешіңіз
281










