HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP M575 - User's Guide
Науалардың параметрлерін реттеу
Өнім келесі жағдайларда автоматты түрде науаның параметрлерін қағаз түрі мен өлшемі
бойынша реттеуді ұсынады:
● Науаға қағаз салғанда;
●
Баспа тапсырмасы үшін нақты науаны немесе қағаз түрін баспа драйвері немесе
бағдарламалық құрал арқылы белгілеп, науа баспа тапсырмасының параметрлеріне
сəйкес реттелмеген жағдайда
ЕСКЕРІМ: 1 науадан басып жатқанда ұсыныс берілмейді жəне ол Кез келген өлшем қағаз
өлшемі мен Кез келген түр қағаз түрі параметрлеріне реттелген. Бұл жағдайда басып шығару
тапсырмасы науаны көрсетпесе, басып шығару тапсырмасындағы қағаз өлшемі мен түрі
параметрлері 1-науаға салынған қағазға сəйкес келмесе де, принтер 1-науадан басып
шығарады.
Қағазды салғанда науаны реттеу
1. Қағазды науаға салыңыз. 2 не 3-науа пайдаланылғанда науаны жабыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасында науаны конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
3. Анықталған өлшем мен түрді қабылдау үшін OK түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз
өлшемін немесе түрін таңдау үшін Өзгерту түймешігін түртіңіз.
4. Дұрыс өлшем мен түрді таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
Науаны баспа тапсырмасының параметрлеріне сəйкестендіру үшін
реттеңіз.
1. Бағдарламалық құралда, қағаз алынатын науаны, қағаз өлшемін жəне түрін белгілеңіз.
2. Тапсырманы принтерге жіберіңіз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, өнімнің басқару тақтасында науаны
конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
3. Түрі мен өлшемі көрсетілген қағазды науаға салып, оны жабыңыз.
4. Анықталған өлшем мен түрді қабылдау үшін OK түймешігін түртіңіз немесе басқа қа
ғаз
өлше
мін немесе түрін таңдау үшін Өзгерту түймешігін түртіңіз.
5. Дұрыс өлшем мен түрді таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
KKWW
Науалардың параметрлерін реттеу
27










