HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
Алдын ала орнатылған басып шығару параметрлерін пайдалану (Mac
OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен басып шығарудың алдын ала белгіленген
параметрін таңдаңыз.
4. Басып шығару түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Принтер драйверінің əдепкі параметрлерін пайдалану үшін стандартты опциясын
таңдаңыз.
Алдын ала орнатылған басып шығару параметрін жасау (Mac OS X)
Қайта пайдалану мақсатымен ағымдағы басып шығару параметрлерін сақтау үшін басып
шығарудың алдын ала орнатылған мəндерін пайдаланыңыз.
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, басып шығару параметрлерін өзгерту керек мəзірді ашыңыз.
4. Əр мəзір үшін қайта пайдалану үш
ін са
қтау қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
5. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап, алдын
ала орнату атауын енгізіңіз.
6. OKтүймесін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Орналасуы мəзірін басыңыз.
4. Two-Sided («Екі жақты») ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкіде принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Орналасуы мəзірін басыңыз.
90 Бап 5 Басып шығару KKWW