HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

4. Бет/парақ ашылмалы тізімінен əр парақта басып шығару керек беттердің санын таңдаңыз.
5. Орналасудың бағыты аймағында парақтағы беттер реті мен орнын таңдаңыз.
6. Жиек мəзірінен əр парақтың айналасында басылатын жиек түрін таңдаңыз.
7. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бет бағдарын таңдау (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басып, Басып шығару опциясын басыңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер жəне беттер мəзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қолданылатын бет бағдарын білдіретін белгішені басып, OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкіде принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Аяқтау мəзірін басыңыз.
4. Баспа түрі ашылмалы тізімінен түрін таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Мұқаба бетті басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Мұқаба мəзірін басыңыз.
4. Мұқабаны қай жерден басып шығару керек екенін таңдаңыз. Құжаттан бұрын немесе
Құжаттан кейін түймешігін басыңыз.
5. Мұқаба түрі мəзірінен мұқаба бетте басып шығар
у қа
жет хабарды таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Мұқаба түрі мəзірінен стандартты
опциясын таңдаңыз.
6. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бет өлшемін лайықтау үшін құжатты масштабтау (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X) 91