HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Қосымша басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Mac OS X)
ЕСКЕРІМ: Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы болмауы
мүмкін.
1. Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасында мына іс
рəсімді орындау арқылы тоқтатыңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Тоқтату
түймешігін басыңыз. Өнім
тапсырманы кідіртіп, Fax Job Status (Факс тапсырмасының күйі) экраны ашылады.
ə. Сенсорлы экрандағы тізімде бас тартылатын баспа тапсырмасын басыңыз, содан кейін
Тапсырмадан бас тарту түймешігін басыңыз.
б. Принтер бас тартуды растау ұсынысын береді. Иə түймешігін басыңыз.
2. Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару
тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.
Softwa
re progr
am: (Бағдарлама:) Əдетте компьютер экранында қысқа уақыт ішінде
диалог терезесі көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
Mac жүйесіндегі баспа реті: Панельдегі өнім белгішесін екі рет басу арқылы баспа
тапсырмаларының кезегін ашыңыз. Баспа тапсырмасын таңдаңыз, содан кейін Delete
(Жою) түймесін басыңыз.
Қағаз өлшемін таңдау (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер жəне беттер мəзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен бір өлшемді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Өзгертілмелі қағаз өлшемін таңдау (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер жəне беттер мəзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен Өзгертпелі өлшемдерді басқару опциясын таңдаңыз.
5. Қағаз өлшемінің параметрлерін белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
6. Қағаз параметрлерін теңшеу диалог терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
7. Басып шығару тү
ймесін
басыңыз.
KKWW Қосымша басып шығару тапсырмалары (Mac OS X) 95