HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Түсті басып шығару
HP EasyColor опциясын пайдалану
Windows амалдық жүйесіне арналған HP PCL 6 принтер драйвері қолданылғанда,
HP EasyColor технологиясы Microsoft Office бағдарламаларынан басылып шыққан аралас
мазмұнды құжаттарды автоматты түрде жақсартады. Бұл технология құжаттарды сканерлейді
жəне .JPEG немесе .PNG форматындағы фотосуреттерді автоматты түрде реттейді.
HP EasyColor технологиясы бүкіл суретті бірнеше бөлікке бөлмей-ақ, бір уақытта жетілдіреді.
Нəтижесінде түс сəйкестігі жақсарып, детальдардың анықтығы жəне басып шығару
жылдамдығының артуы қамтамасыз етіледі.
Mac жүйесіне ар
налған HP
Postscript принтерінің драйверін пайдаланған жағдайда,
HP EasyColor технологиясы барлық құжаттарды сканерлеп, барлық фотосуреттерді бірдей
жақсартылған фотографиялық нəтижелермен автоматты түрде реттейді.
Келесі мысалда, сол жақтағы суреттер HP EasyColor опциясы пайдаланбастан жасалған. Оң
жақтағы суреттер HP EasyColor опциясын пайдалану нəтижесіндегі жақсартуларды көрсетеді.
HP EasyColor опциясы əдепкіде баспа драйверінде қосулы болады, сондықтан түс реттеулерін
қолмен жасаудың керегі жоқ. Түс параметрлерін қолмен реттеу мақсатымен бұл опцияны өшіру
үшін, Windows драйверінде Түс немесе Mac драйверінде Түс/сапа параметрлері қойындысын
ашып, HP EasyColor құсбелгісін қойыңыз.
Түс опцияларын өзгерту (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
3. Түс қойындысын басыңыз.
4. Оны тазалау үшін HP EasyColor құсбелгіcін қойыңыз.
5. Aвтоматты немесе Қолмен параметрін таңдаңыз.
●
Aвтоматты параметрі: Осы параметрді басып шығару тапсырмаларының көбіне
таңдаңыз
●
Қолмен параметрі: Түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек реттеу үшін осы
параметрді таңдаңыз. Түстерді қолмен ре
тт
еу терезесін ашу үшін Баптаулар
түймешігін басыңыз.
KKWW Түсті басып шығару 97










